1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №62 (15624) 4 тамыз, бейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
4 тамыз 2011
“Арландардың” азуы бата ма?

Өткен жексенбiде бүкiл­әлем­дiк бокс сериясының (WSB) 2011-12 жылғы жере­бесi тартылды.

Биылғы командалар екi топ­қа бөлiндi. Әр топта алты командадан бар. Әр топтан жоғары ұпай жинаған төрт команда плей-офф жолдамасына ие болады.
Былтыр көз сүйiндiрiп, ақтық айқасқа дейiн жеткен “Астана арландары” биыл да сол биiктен төмендемеудi мақсат етiп отыр.
Былтырғы маусымда бокс­шыларымызды қырсық шалды. Бақыт Сәрсекбаев қарсыласын сабап жат­қанда, қабағынан қан ағып, төрешi­лер жеңiстi әзiрбайжан боксшысына ұстатып жi­бердi. Лондон олимпиадасының жолдамасы үшiн Қанат Әбутә­лiпов пен Ержан Мүсә­пiров тартысқа түсiп, Қа­нат қана се­нiм­дi ақтады. Биыл былтырғы кеткен кемшiлiктер мен орын алған қателiктердi жоюдың тамаша мүмкiндiгi туып отыр. 
“А” тобында бiздiң жiгiттер “Dinamo Moscow” (Ресей), “Mi­lano Thunder” (Италия), “Pohang Poseidons” (Корея), “Los Angeles Matadors” (АҚШ) және биыл ғана осы жарысқа боксшыларын қосқан Үн­дiс­танның “Mumbai” командаларымен айқасады.
Екiншi “В” тобында “Istan­bulls” (Түркия), “Paris United” (Фран­ция), “Beijing Dragons” (Қы­тай), “Baku Fires” (Әзiр­байжан), “Miami Gallos” (АҚШ), биыл қатар­ға қосылған “Germa­ny” (Германия) командалары бар.
“Астана арландарына” өз тобындағы кәрiстер мен американдық боксшылардың қыр-сыры мәлiм.
Бiздiң жiгiттер алғашқы кездесуiн 11 қарашада АҚШ рингiнде өткiзедi. Жерлес­терiмiз “Los Angeles Matadors” командасындағы боксшылармен ай­қасады.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар