1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №95 (15449) 26 қараша, бейсенбі 2009
"Жас Алаштың" спорт беті.
26 қараша 2009
Қоржынымыз тағы бiр алтын медальмен толықты

Бет қатталып жатқанда

Кеше кешкiсiн ауыр атлетикадан Оңтүстiк Кореяның Гоянг қаласында өтiп жатқан әлем бiрiншiлiгiнен қазақ жанкүйерлерi үшiн тағы бiр қуанышты хабар келiп жеттi. Әйелдер арасында 63 келi салмақта ел намысын қорғаған Майя Манеза қоссайыс қорытындысы бойынша 246 келi салмақты бағындырып, әлем чемпионы атанды.
Майя Манезаның алтын медалi – Оңтүстiк Корея жерiнде Қазақстан қоржынына түскен екiншi алтын медаль. Бұған дейiн 53 келi салмақта өнер көрсеткен он алты жасар жерлесiмiз Зүльфия Шиншанло алтыннан алқа тағынып, ел қоржынына ал­ғаш­қы алтынды салған едi. Кеше кешкiсiн жарыс жолына шыққан Майя Манеза алдымен жұлқи көтеруде 105 келiнi бағындырды. Бұл жаттығуда ресейлiк Виктория Савенконың жолы болды. Ол 112 келi салмақты өз ырқына бағындырып, алғашқы болып алтын­ға жол салған едi. Бiрақ, М.Манеза келесi жаттығуда, яғни серпи көтеруде ресейлiк спортшыға қарасын да көрсетпей кеттi. М.Манеза серпи көтеру кезiнде алдымен 130 келiге тапсырыс берiп, оны ойдағыдай бағындырды. Алтын медальға қол жеткiзу үшiн жерлесiмiзге кем дегенде 141 келiнi бағындыру керек болды. Бас бапкермен ақылдаса келе 141 келiге тапсырыс берген отандасымыз өзiне берiлген соңғы мүмкiндiгiн мүлт жiбермей, алтыннан алқа тақты. Ресей спортшысы да қоссайыс қорытындысы бойынша 246 ұпай жинаған едi. Алайда, ол серпи көтеруде тек 135 келi салмақпен ғана шектелдi. Қола жүлде 243 ұпай жинаған түрiк бойжеткенiне бұйырды. Дәл осы салмақта өнер көрсеткен жерлесiмiз Татьяна Костенко 203 ұпай нәтижемен он сегiзiншi орынды мiсе тұтты.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар