1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №95 (15449) 26 қараша, бейсенбі 2009
"Жас Алаштың" спорт беті.
26 қараша 2009
Академияның ашық бiрiншiлiгi

Қарашаның 21-22-сi аралығында Алматыда қоян-қолтық ұрыстан ҚР IIМ Академиясының ашық бiрiншiлiгi өттi. Оған Академияда тәлiм алатын спортшылармен қатар, елiмiздегi iшкi iстер саласында қызмет көрсететiн спортшылар өз өнерлерiн ортаға салды. Екi күнге созылған жарыс қызу тартысқа толы болды.

Жарысты ұйымдастырушылар Академияның ашық бiрiншiлiгiне келген спортшыларды екi топқа бөлдi. А то­бын­да Академияның өз түлектерi өнер көрсетсе, В тобында iшкi iстер саласында қызмет атқаратын спортшылар бақ сынады. Жарыстың бас төрешiсi Сабыр Мәдiбе­ковтың айтуынша, спорт­шылардың арасындағы тартыс өте жоғары деңгейде өткен. «Желтоқсан айының 5-6-сы күндерi самбодан КСРО­-ның спорт шеберi Құралхан Аққұловты еске алуға арналған самбодан республикалық турнир өтедi. Сол турнирде қоян-қолтық ұрыстан Алматы мен Астана қалаларының спортшылары арасында матчтық жекпе-жек өтедi. Сол турнирге қатысатын спортшылар осы жарыста iрiктелiп алынады», – дейдi бас төрешi С.Мәдiбеков.
Жарысқа келетiн болсақ, А тобында күш сынасқандардың арасынан 60 келi салмақта Ерғанат Ақшолақовқа тең келер ешкiм болмады. Финалда Диас Каримовтен айласын асырған Ерғанат жарыстың жеңiмпазы атанды. 65 келi салмақта Ринат Бақытжанұлы оза шапты. Ол алтын медаль үшiн болған жекпе-жекте Жәдiгер Мұхамбетовтен айласын асырды. 71 келiде Олжас Сейтбеков топ жарса, 78 келiде Данияр Қарабалин чемпион атанды. 86 келi салмақта Серiк Тор­таев­тың жолы болды. 86 келi­дегi Дархан Қанатов жарыс жеңiмпазы атанды. Ал В тобындағы жекпе-жектерге келер болсақ, 60 келi салмақта ҚР ҰҚК «Шығыс» шекара қыз­метiнiң спортшысы Ишналиев Берiк жеңiмпаз атанды. ҚР ҰҚК әскери институтының намысын қорғаған Назарымбек Забиев 65 келi салмақта жеңiс тұғырының ең биiк сатысына көтерiлдi. Ал Талғат Есен­ғалиев (71 келi), Асқар Қайдаров (78 келi), Бақыт Өмiрбеков (86 келi) және Шыңғыс Қасымовтар турнир жеңiмпазы деген атаққа лайық деп танылды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар