1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №54 (15616) 12 шілде, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
12 шілде 2011
Спорт ақпарат

ТОЛАҒАЙДЫҢ “ҚАРЫНДАСЫ”

Малайзияның Пенанг қаласында аяқталған жас­­­өспiрiмдер арасындағы әлем чемпионатына Қазақстаннан аттанған 13 атлет 1 алтын, 2 күмiс және 1 қола жүлдемен оралды.
Екi айдай уақыт бұ­рын 17 жасқа дейiнгiлер арасында өткен әлем чемпионатында топ жарған Надежда Ногай (75 келi­ден жоғары ) бұл жолы да қарсыластарынан қарымды екенiн байқатып, жас­өс­пiрiм­дер арасында әлем чемпионы атанды. Ол екi сайыс қорытындысында 270 келi зiлтемiрдi көтердi.
Карина Горичева 62 келiде күш сынап, күмiс жүлдеге қол жеткiздi. Осы салмақта мамандар үмiт­пен үкiлеп қосқан Анастасия Швабауэр жұлқи және серпи көтеру қорытындысында 212 келiнi ға­на көтерiп, 6-орынға тұ­рақ­тады.
75 келiде Анна Нұр­мұхан­бетова 257 келiлiк темiрдi ауырсынбай-ақ басынан асырып,  екiншi кү­мiстi олжалады.
Қыздар жүлдегер атанған әлем чемпионатында жiгiттер мандытпады. Тек 94 келiге дейiнгiлер арасынан Александр Зайчиков иран атлетi Саи Мұхаммад пен ресейлiк Евгений Коломиецтi алға жiберiп, қола жүлдегер атанды.
 
БЕЛ ОРТАДА ЖЫҒЫЛДЫ
Винокуров “Тур де Франс” көпкүндiгiнен шығып қалды. Жарыстың 9-кезеңiнде велошабандоздар Ис­суар мен Сен Флур арасын жалғаған 208 шақырымды бағындырмаққа жолға шыққан. Андрейдi қырсық 98 шақырымды артқа тастағанда шалды. Жол жиегiнен шығып кетiп, жығылған Виноның жарақаты жеңiл емес. Дәрiгерлер оң жамбасына зақым келгенiн айтады. Александрдың бұған дейiнгi көрсеткiшi көңiл қуантарлық едi. Жалпы есептегi көшбасшы Томас Вокледен 11 секунд қана қалып келе жатқан.
 Бұл кезеңде Луис-Леон Санчестiң (Испания, “Rabobank”) маңдайы жарқырады. Екiншi болып мәреге Томас Вокле (Франция, “Europcar”) жеттi. Үштiктi Сэнди Касар (Франция, “FDJ”) қорытындылады.
Команда капитаны жарты жолда жығылған “астаналықтар” Паоло Тиралонго – 33, Реми Ди Грегорио – 35, Андрей Зейц – 41, Максим Иглинский – 114, Дмитрий Фофонов – 115, Роман Кройцигер – 120, Томас Вайткус – 162, Андрей Гривко 163-iншi болып жеттi.
 
 
ҚОНЫСБАЕВ ҚОС ДОП СОҒЫП...
Қарағандының “Шах­терi” мен Павлодардың “Ертiсi” өз алаңында Еуропа Лигасы аясында қа­рым­та ойындарын өткiздi. Словенияда “Копермен” тең ойнап (1:1), ұпай бөлiскен кеншiлер Қарағандыға ат шалдыра келген қарсыластарын аяған жоқ. Ұлан Қонысбаев қос доп соғып, “Шахтер” келесi айналымға өттi. Ендi олар 14 шiлде күнi Ирландия клубы “Сент Патрикспен” күш сынасады.
“Ертiс” поляк жерiнде “Ягеллониядан” 0:1 есебi­мен жеңiлген болатын. Қа­рымта ойында 2:0 есебi­мен жеңiске жетiп, келесi айналымға шықты. Баянауылдықтар 14 шiлдеде руставалық “Металлург” ко­мандасымен тартысқа түседi.
Есдәулет Қожекенов,
ҚазҰУ-дiң студентi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар