1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №52 (15614) 5 шілде, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
5 шілде 2011
Cпорт ақпарат

БАР АТАҚ КЛИЧКОДА

Шiлденiң 2-сiнде Германияның Гамбург қаласында украиналық Владимир Кличко мен ұлыбритандық Дэвид Хэй арасындағы кездесу Кличконың пайдасына шешiлдi. 12 раунд бойы бiр-бiрiн тоқпақтап барып тоқтаған соң, төрешi Кличконың қолын жоғары көтердi. Үш төрешi де (118-108, 117-109, 116-110) украиналық боксшының басым екенiн байқапты.
Рингтен түскен соң Хэй: “Мен мықтылығымды көрсеттiм. Үш апта бұрын саусағымды ауыртып алған едiм. Сол көлденең кедергi болды. Оның маған қарағанда салмағы да ауыр. Бойы да ұзын. Мен шаршаған жоқпын, бiрақ жеңiлуге тура келдi. Кличко – өте сұңғыла боксшы екен, соны байқадым”, – дедi. Хэйден WBA тұжырымының чемпиондығын тартып алған Владимир мен бауыры Виталийде атақ-арбыройдың бәрi бар. Кәсiпқой бокстағы ең мәр­тебелi тұжырымдар – WBA, WBO, IBF, IBO, IBC, WBC чемпиондық белбеуi ағайынды екi жiгiттiң қолында.
 
ХОККЕЙ ПЕНАЛЬТИ БҰЙЫРМАСА...
Еурокубоктық бәсеке­нiң iрiктеу турын “Ертiс” жеңiлiс­пен бастады. Абырой болғанда қирай же­ңiл­ген жоқ.
Польшаның Белосток қа­ла­сында жергiлiктi “Ягеллониямен” алаңға шыққан Талғат Байсуфинов­тiң шәкiрттерi футболдың шекесiн қыздырған жоқ. Дәл қазiргi уақытта поляктардың iшкi бiрiншi­лiгiнде үзiлiс. Демек, “Ягеллония” футболшылары тың деген сөз. Ал бiзде Премьер-лига бел ортадан ауды. Апта сайын ойнап жүр­гендiктен бе, баянауылдықтар ал­ғашқы таймнан-ақ болдыра бастады. Тiптi жиi ойын ере­жесiн бұзып, төрешi серб Владо Глоджовичтiң көзiне қайта-қайта түсе бердi. Ақырында сары қағазды екi рет еншi­леген (7, 37-минутта) “Ертiс” қорғаушысы Алексей Михайлюк алаңнан қуылды. Қатаң жазаға тартатындай жөнi жоқ едi. 90 минут бойы 22 ойыншыны “жусатып-өргiзу” өз еркiнде болған соң, Владоға Алексей не десiн, оқты көзiн бiр қадап, алаңнан кеттi. Бiр ойыншының кемдiгi кәдiмгi­дей кедергi екен. Поляктар екiншi таймда шабуылды дүркiн-дүркiн ұйымдастырып, Цирин қорғайтын қақпа алаңын жиi торуылдады. Нәти­же­сiнде команда капитаны Франковски гол соғып, же­ңiстi өздерiне алып қалды.
Қарағандылық “Шахтер” де Словенияның Копер қаласында доп тептi. Бұл ойында да есеп, ақырғы минуттарда ашылды. 80-минутта алаңдағы Бундерланың орнына шыққан Бубания 84-минутта есеп ашып, командасын алға шығарды. “Шахтер” де “Ер­тiс­тiң” жолын құшып, жеңiлу­дiң аз-ақ алдында тұр­ған. 90-минутта төрешi кеншi­лердiң бақытына пенальти белгiледi. Бар үмiт Жамбыл Кө­кеевте едi. Жеңiс түгiлi, 1 ұпайдың өзi көзден бұлбұл ұшудың алдында тұр. “Бонфика” стадионына жиналған жергiлiктi жанкүйерлер демiн iшiне тартып, қақпашы Хашич Эрминге болысқанымен, Жамбыл жаңылған жоқ, “Шахтердi” бiр жеңi­лiстен құтқарды.
 
ҚАТАРҒА ХАТЧИНСОН ҚОСЫЛДЫ
Астаналық “Барыс” хоккей клубының басшылығы мен америкалық ойыншы Эндрю Хатчинсон келiсiмшартқа қол қойды. 1980 жылы туған Эндрюдiң көк мұз үстiнде жеткен ең қомақты табысы – 2006 жылы “Каролина Харрикейнз” клубында ойнап жүрiп алған Стенли кубогы.
Қорғанысқа мығым Хатчинсон ендi астаналық клубтың көсегесiн көгертуге күшiн салмақ.
 
БЕСТIККЕ ЕНДI
Хорватияның Умага қаласында жағажай волейболынан жасөспiрiмдер арасында әлем чемпионаты аяқталды. 29 елден ерлерден – 38, қыздар арасында 35 команда жүлде үшiн құм үстiнде волейбол ойнады.
Жерлестерiмiз Бақытгүл Самаликова мен Любовь Богату алғашқы iрiктеу кездесулерiнде Австрия мен Португалия қыздарын ұтып, келесi айналымға шыққан. Бiрақ орта жолда немiс қыздарына жол бердi. Одан кейiн Испания командасын жеңдi де, француздардан жеңiлдi. Нәтижесiнде қос қызымыз әлем чемпионатын 5-орынмен аяқтады.
 
Дайындаған – Қуаныш БАЖАҚ
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар