1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №52 (15614) 5 шілде, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
5 шілде 2011
Андрей алып кеттi

Өткен аптаның жексенбiсiнде төрт күнге созылған бильярдтан Азия ашық чемпионаты аяқталды. “Еркiн пирамида” бойынша киилерiмен көздеп, шарды шарға соққан шеберлер жүлдеге тiгiлген 20 мың долларды бөлiстi. Әлем чемпиондары, Азия құрлығында мықты саналатын үздiктердiң басын қосқан бәс жоғары дәрежеде өттi.

Күнi бұрын бiлгiштер I орынға тиесiлi қомақты қаржыны қазақстандық Әлихан Каранеев, Қаныбек Сағындықовтар ешкiмге бермейдi деп болжаған. Алайда ақтық сынға ресейлiк Андрей Фрейзе мен жерлесiмiз Дәурен Орынбаев­ шықты. Ресей мықтысы былтырғы жылы да осы Азия чемпионатының жүлдесiн жеңiп алған болатын. Биыл да сол биiгiнен түскiсi келмейтiнiн алғашқы шар түсiруден-ақ байқатты. Ол 6 партияға дейiн еркiн ойнады. Дәуреннiң дегбiрi, мiне, осы арада қашты. Өзiнен қарасын үзiп бара жатқанын бiлгесiн, кииiн көтерiп шарлардi жiтi қадағалады. Кезектi ойынды бастау мүмкiндiгi өзiне келгенде, бiрден қызыл шарды, оған сабақтастыра жетеуiн түсiрiп, бiр-ақ тынықты. Ендi Андрей сасайын дедi. Әзiрге ол алда тұр. Бiрақ мына қазақтың қарым-қабiлетi ендi күшейiп келе жатқанын сездi де, қимылға көштi. Осы ойында жеңсе, екiншi жыл Азия чемпионы атанбақ. Дәурен де оңайдан емес. Осал ойыншы ақтық сынға шыға ма? 7-партияда Дәурен бiрден бес шар түсiрiп, алға шығып алған соң, қателiкке жиi ұрынды. Ұрған шары көздеген жерiне жетпей, қиыс кетiп, ендi бiрде қарсыласына қолмен қойғандай мүмкiндiк жасап бердi. Ұзынтұра орыс қойсын ба, таяғымен түрткiлеп жүрiп жетi шарды түсiрiп, алға шықты. Ойын тағдыры бiр ғана шармен шешiлгелi тұр. Мiне, мына бұрышқа түсiре алса, чемпион атанады. Осы арада ойын бiразға созылды. Екеуi де бiр-бiрiне қитығып, бiраз жүрдi. Жеңе алмасын сездi ме, Дәурен кезектi бiр ұрысында шарды жиектен шығарды. Фрейзе мүлт кетсiн бе, солқ еткiзiп, 7-партияны да өз пайдасына шештi. Сөйтiп, жерлесiмiз 5:7 есебiмен жол бердi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар