1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №50 (15612) 28 маусым, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
28 маусым 2011
Екеудiң итжығысы

Өткен сенбiде Қазақстан премерь-лигасының 17-тур ойындары өттi. Қызыққа толы болады деген Алматының “Қайраты” мен былтырғы ел чемпионы Қостанайдың “Тобылы” арасындағы тартыс итжығыспен аяқталды. Қырық жылдық ғұмырнамасында мұндай тоқырауға ұшырамаған “Қайраттың” бүгiнгi жүрiсi көңiл көншiтпейдi. 16-турда ғана “Астана-Аренада” өз қақпасына бiр емес, алты бiрдей доп жiберiп, iрi жеңiлiске ұшыраған едi. Бұрын-соңды тас-талқаны шыға ұтылумаңдайына жазылмаған алматылық клубтың өз алаңындағы кезектi ойынын тамашалауға бiр қауым ел жиналған.

Былтыр ғана ел бiрiншiлiгiн ұтып, табанды ұжым екенiн дәлелдеген “Тобылдың” да биыл­ғы бiрiншiлiктегi беделi анау айтарлықтай емес. Чемпиондығын қорғап қалу емес, қазiр қостанайлықтарға осы маусымда алтылыққа енудiң өзi мұнартып бара жатқандай. “Қайрат” премьер-лигада қалудың қамын күйттейдi. “Тобыл” турнирдегi жағдайдың оңалғанын ойлайды. Сол себептi де қос клубтың өткел үстiнде бапкерлерi ауысқан. Бiрi Ресейден шақыртты, екiншiсi Англиядан алдырды.
Алматыда Орталық стадиондағы ойында есеп ашылған жоқ. “Тобылға” жеңетiн мүмкiндiк болған. Сергей Гридин бастаған шабуыл нәтиже бермедi. “Қайрат” та қарқынды шабуылдауға көшiп, ара-тұра “Тобыл” қақпашысының қырағылығын байқаған. Екiншi таймда Щептицькийдiң алыстан бағыттаған соққысы бағанаға тиiп, қостанайлықтар үш ұпайдан қағылды. 
Алматылық жанкүйерлер осы кездесуде Шыңғыс Әбуғалиевке разы болды. Өйтетiн де жөнi бар, “Қайраттың” қарымта шабуылдары көбiне Шыңғыс арқылы өрбiдi. Алыстан тура соққы бағыттаудың да тигiзер пайдасын байқатқан ол тiптi екi-үш мәрте шалғайдан қақпаны көз­дедi.
Төрешi қосқан қосымша 4 минутта да есепке өзгерiс енген жоқ.
Ақылдасып алғандай, осы турда Чемпиондар лигасы мен Еуро кубоктық сайыстың iрiктеу турына қатысатын үш бiрдей клубтың ойыны тең нәтижемен аяқталды. Мына сәйкестiктi қараңыз. Алматыдағы “Қайрат” пен “Тобыл” арасындағы ойын – 0:0, Қарағандыда болған “Шахтер” – “Ордабасы” – 2:2, (Нұрғалиев 54-минутта пенальтиден, Хижниченко-90+4 – М. Байжанов 64-минутта пенальтиден, Евстигнеев-72). “Ақтөбе” – “Тараз” – 0:0. Ал “Ертiстiң” Қызылордада “Қайсардан” 0:1 (Т.Байжанов 2-минутта ) есебiмен ұтылуы көңiлге күдiк ұялатады. Биылғы ел бiрiншiлiгiнде 11-сатыда тұрған клубтан жеңiлген баянауылдықтар поляктың “Ягеллония­сына” пәрмен көрсете ала ма, оны бас бапкер Талғат Байсуфиновтың құзыретiне қалдырайық.
 “Атырау” өз алаңында қонақтай келген “Жетiсудi” жығып, 1:0 (Травин 30-минутта) есебiмен ұтты. Өскеменде өткен “Восток” пен “Астана” арасындағы ойын 0:0 есебiмен аяқталды.
 
Мергендер:
Сергей Хижниченко “Шахтер” – 11 гол,
Ұлықбек Бақаев “Жетiсу” – 9 (1).
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар