1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №49 (15611) 23 маусым, бейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
23 маусым 2011
Спорт ақпарат

300 ТЕҢГЕМЕН КӨЛIКТI БОЛДЫ

Өткен аптада Қарағандыдағы “Шахтер” мен “Тобыл” кездесуiн тамашалаған жанкүйерлер арасында лоторея ойнатылды. Жүлдеге темiр тұлпар тiгiлсе, кiм аянып қалсын, осы ойынды тамашалаушылардың белсендiлiгi соншалық, 15 мың билет сатылып кетiптi.
Көгiлдiр экранға телмiрiп, болмаса интернеттен көре салғанның әсерi көзбен тамашалағанға жетпейдi. Акцияны ұйымдастырушылар лоторея ойнату арқылы да жанкү­йер жинауға болатынын айтады. Бұл үрдiс байырғыдан бар. Ескiнi жаңғыртушы қарағандылықтардың тiккен темiр тұлпары оқушы Айбар Қалқаманның тақымында кеттi. 300 теңгесi бекер жұмсалмапты. Стадионға жаяу келген ол үйiне көлiкпен қайтты.
 
АТҚОСШЫСЫ ДА АҒЫЛШЫН
Алматылық “Қайрат” футбол клубының бапкерi Джон Грегори қызметiне кiрiсерде Англиядан футболшы шақыртудан бұрын өзiне көмекшi қажет екенiн айтқан едi. Сөзi расқа айналып, Алматыға Ричард Хилл келдi. 47 жастағы маман ендi Джонның көмекшiсi қызметiн атқарады.
Бапкерлiк қызметiн Грегоридiң қоластында жүрiп бастаған Хилл бұған дейiн “Суиндон Таун”, “Стивенидж” және “Дерби Каунти” клубтарында бапкер болыпты. 2010 жылдан 2011 жылдың қаңтарына дейiн Эфиопия ұлттық құрамасының техникалық кеңесшiсi қызметiн атқарған.
 
«ЖЕТIСУ» ЖЫҒЫЛМАЙМЫЗ ДЕЙДI
Вьетнамның Винь Фук қаласында өтiп жатқан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында талдықорғандық “Жетiсу” алғаш­қы жүрiсiн жақсы бастады. Қытай қыздарымен кездескен жетiсу­лықтар 3:2 (25:15, 20:25, 21:25, 25:18, 15:13) есебiмен жеңдi. Келесi ойынын Асқар Шал­қыбеков шәкiрт­терi Тайланд аруларымен өткiздi. Тай елiнiң қыздары былтырғы өткен Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынған болатын. Мықтылығын мойындатқан клубтан бiздiң қыздар 1:3 есебiмен (25:23; 16:25; 25:17; 25:18) ұтылып қалды. Жарыстың үшiншi күнi “Жетiсу” Индонезия қыздарын 0:3 есебiмен (25:14; 25:16; 25:19) күйрете жеңдi.
Бүгiн ширек финалдық бәсекемен бiрге 5-8-орындар үшiн командалар сайысқа шығады. 
 
КАРПОВ ЛОНДОНДЫ КӨЗДЕЙДI
Қарағандылық көпсайысшы Дмитрий Карпов Чехияда аяқталған халықаралық турнирде жүлдеге iлiне алмады. Спорттың 10 сайысы бойынша бар күшiн сарқыған Карпов­қа 9-сайыс – найза лақтыру сыны кедергi болды. Үнемi осы лақтыруда қарсыластарына есе жiберiп алатын ол құлдырап, 4-орынға бiр-ақ сырғыды.
Кладно қаласында аяқталған турнирде кубалық Леонель Суарес 8231 ұпай жинап, топ жарды. Бельгиялық Ханс ван Альпен 8120 ұпаймен екiншi орын алды. Оңтүстiкафрикалық Виллем Коэртцен 8094 ұпаймен қола жүлдегер атанды. Карповтың еншiсiнде – 8089 ұпай.
Жүлдегер атанбағаны болмаса бiздiң атлет осы көрсеткiшiмен де биыл өтетiн әлем чемпионаты мен Лондон олимпиадасының лицензиясына ие болды.  
 
ЖАЛҒЫЗ ЖОЛДАМА БЛУДОВАҒА БҰЙЫРДЫ
Алматыдағы Орталық стадионда 1964 жылғы Сеул Олимпиадасының күмiс жүлдегерi даңқты желаяқ Ғұсман Қосанов атындағы дәстүрлi мемориал аяқталды. 21-рет ұйымдастырылған сынға елiмiздiң жеңiл атлеттерiмен қоса қырғыз, өзбек, түрiкмен спортшылары да қатысты.
Жалпыкомандалық есепте қа­зақстандық атлеттер бiрiншi орынды жеңiп алды.
Жекелей сында қарағандылық желаяқ Ольга Блудова 100 метр қашықтықты 11,37 секундта жүгiрiп өтiп, екi бiрдей доданың жолдамасына қол жеткiздi. 20 жас­тағы бойжеткен ендi Оңтүстiк Кореяның Дэгу қаласында өтетiн Әлем чемпионаты мен Лондон олимпиадасына қатысады.
 
ЖҰДЫРЫҚТАСЫП НЕСI БАР ЕДI
Головкиннiң атағына жармасып, “жеңiп алам” деген угандалық Кассим жазғанның ауруханадан бiр-ақ шыққанын хабарлады BoxingScene.com сайты. Осы жекпе-жектен кейiн дәрiгерлер Оумды ортаға алып, неврологиялық тест жүргiзiптi. Нәтижесiнде Кассимнiң миы шайқалғанын анықтаған.
Өткен жылдың тамызында   WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына Головкин колумбиялық Милтон Нуньестi жеңген соң қол жеткiзген болатын.
 
ДЖЕРИ ЖЕРСIНЕ МЕ?
Елордалық “Астана” баскетбол клубы америкалық Джери Джонсонмен келiсiмшартқа қол қойды деп хабарлайды “Астана” баскетбол клубының баспасөз қызметi. Бiр жыл бойы “Астананың” қорғаушысы болатын Джонсонның жасы – 29-да. Бойы – 184 сантиметр.
Еуропа баскетболында өзiндiк ойын өрнегiн қалыптастырған Джери түрiктiң “Галатасарай”, “Летувос Ритас” (Литва), “Шарлеруа” (Бельгия), “Клерьмонт” (Франция) клубтарында ойнаған.
“Астанаға” ауысқанға дейiн Түркия чемпионатында 12 ұпай жинап, командасының ақтық сынға шығуына үлес қосқан болатын.
 
АЛТЫН, КҮМIС, ҚОЛА ДА БАР
Оңтүстiк Кореяның Ионг Кин қаласында аяқталған халықаралық турнирден елiмiздiң жастар құрамасы (қыздар) екi күмiспен оралды. Жанна Нұртазина кәрiс елiне сегiз палуанды апарған едi. Солардың iшiнен тек 78 келiде татамиге шыққан Зәм­зәгүл Файзулланова мен Юлия Оразбаева (88 келiден жоғары) күмiс жүлдегер атанды.
Сондай-ақ, осы сайыспен тұспа-тұс Германияның Франкфурт қаласында ардагер дзюдошылар арасында әлем чем­пио­наты өттi.
65-тi алқымдаған Мәлiк Есенбаев 66 келiде қарсы келгеннiң бәрiн жығып, осымен 5-мәрте әлем чемпионы атанды. Ақтық сында Есенбаев итальяндық Джованни Батакльяны да жер бауырлатты.
Елiмiздiң әнұранын екiншi мәрте Леонид Приказчиков шыр­қатты. 1953 жылы туған жер­лесiмiз алғашқы қарсыласы испан Муньеса-де ладаны, жартылай сында немiс Дольф Сингвульваны сүрiндiрiп, ақтық белдесуде чех шалы Мирослав Скаликидiң де жауырынын жер иiскеттi. 100 келiге дейiнгi салмақта Сергей Әлiмжанов қола жүлдегер атанды. К.Исламов – 5-iншi, С.Өтенов 7-орынмен шектелдi
 
МЕРЕЙI ҮСТЕМ МӘДИНА
Ташкентте өткен аумақтық турнирде елiмiздiң абыройын Мәдина Дәулетбаева асырды. Екiншi орынды да қазақ елiнiң шахматшысы Гүлмира Дәулетова еншiледi. Қола жүлде өзбек қызы Нафиса Муминоваға бұйырды.  
Тоғыз ойынның төртеуiнде жеңiп, бесеуiнде қарсыластарымен тең түсiп, мерейi тасыған Мәдина ендi ел намысын тамызда басталатын дүниежүзiлiк универсиадада (Қытайда өтедi) қорғайды. Одан соң 2012 жылы Ресей өткiзетiн дүниежүзiлiк шахмат олимпиадасына қатысады. 
 
“УИМБЛДОННАН” ҮМIТ ЖОҚ
Қазақстандық теннисшi Михаил Кукушкин “Уимблдон” турнирiнiң алғашқы айналымында әлемнiң экс-ракеткасы швейцариялық Роджер Федерерден үш сетте (6:7; 4:6; 2:6) ұтылып қалды.
Тағы бiр үмiтiмiз Андрей Голубев те жеңiлiске ұшырады. Испан теннисшiсi Гильермо Гарсия Лопес Андрейдiң адымын аштырмай, екi сетте-ақ тiзерлеттi.
Қыздар арасынан Ярослава Шведова алғашқы кездесуiн тайландтық Тамарин Танасугарнмен өткiзедi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар