1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №49 (15611) 23 маусым, бейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
23 маусым 2011
Кiм кiмдi сiлкидi?

Жыл айналып жеттi деген осы. УЕФА чемпиондар лигасының 2011-2012 жылғы iрiктеу ойынын екiншi кезеңнен бастайтын Қостанайдың “Тобылына” Словакияның азулы клубы “Слован” қарсы ойнайтын болды. Швейцарияның Ньюон қаласындағы жеребе тарту рәсiмiнде қостанайлықтар­ға осы команда тап келдi.

Сонымен, “Слован” қандай клуб? Бұрын-соңды қос клуб кездеспеген екен. Негiзi 1919 жылы қаланған “Слован” – ел астанасы Братислава қаласының клубы. Бұл клуб кейiнгi кездегi ойындарын 13 мың адамға шақталып салынған “Пасиен­ки” стадионында өткiзiп жүр. Өздерiнiң негiзгi стадионы “Тегельне Полеге” құрылыс жұмыстары жүр­гiзiлiп жатыр. Жанкүйер­лерiне жанама “Көгiлдiр аспан” атауымен де ыстық көрiнетiн клубтың жетiстiгi де бiр төбе. Бұған дейiн чемпиондар Лигасы мен Еуропа кубогына қатысып, бiраз ысылған “Слованның” тарихына жазылған же­тiстiктерiнен мыналарды атауға болады: 8 мәрте Чехословакияның, 6 рет Словакияның чемпионы атан­ған. 4 мәрте Словакия Лигасында жеңiмпаз атанған. Чехословакия кубогын – 5, Словакия кубогын 12 мәрте ұтыпты. Бұлар чемпиондар Лигасының 2009-2010 жыл­ғы маусымының iрiктеу ойын­дарында үшiншi кезеңге дейiн жеткен болатын.
Елiмiздiң былтырғы күмiс жүлдегерi “Ақтөбе” де Еу­ропа Лигасының iрiктеу ойындарын екiншi кезеңнен бас­тайды. Венгрияның “Ке­ч­ке­метiмен” “кес­кiлесетiн” күн деп шiлденiң 14-i мен 21-i белгiлендi. Венгрия кубогының қазiргi жеңiмпазы “Кеч­ке­меттiң” iргесi қаланғанына тура бiр ғасыр. Жүз жылдан берi доп теуiп келе жатқан клуб Венгрия екiншi лигасының 2007-2008 жылғы маусымында жеңiмпаз болған. Осы елдiң үшiншi лигасында ойнап жүргенде олар 4 мәрте (1945-46, 1957-58, 1989-90, 1994-95) топ жарыпты.
Павлодардың “Ертiсi” Поль­шаның “Ягеллониясымен” тартысады. Белосток қаласының клубы үшiн былтырғы барыс жылы табысты болды. Олар бiр маусымда Польша кубогымен қоса Суперкубокты да ұтып алды.
Бұлардың қай жеңгенi армениялық “Банац” пен грузиндердiң “Металлург” арасындағы ойынның жеңiм­пазымен кездеседi.
Қарағандының “Шахтерi” словениялық “Копердi” байқап көрмек. Словения бiрiн­шi­лiгiнде жүлдегер болған, ел кубогын 3 мәрте еншi­леген (1991, 2006-2007), былтыр Словения Суперкубогын ұтқан “Копер” кен­шiлер үшiн үлкен сын болмақ.
“Шахтер” – “Копер” ойынының жеңiмпазына исландиялық “ИБВ” пен Ирландия­ның “Сент-Патрикс” арасындағы ойында ұтқан клуб қарсылас болады.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар