1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №42 (15604) 31 мамыр, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
31 мамыр 2011
«Ертiс» қалай «тасыды»?

Өткен аптада Қазақстан чемпионатының кезектi 13-тур ойындары да голға бай болды. Алдымен Алматының “Қайраты” хақында. “Ақтөбе” Алматыға қонақа келген. Ойын басталысымен “Қайрат” жiгiт­терiнiң ек­пiнiнен дауыл тұрды. 13-минутта Головской есеп ашып, алматылықтарды алға шығарды. Екiншi тайм басталғанда да “Ақтөбе” өз қақ­пасын қори алмады. Струков 69-минутта есептi еселеп, 2:0-ге жеткiздi. 80-минутта Сүймағанбетов гол тоғытып, ойын нәтижесiн ұлғайта түстi. Алдыңғы турда “Ақ­төбеге” қонаққа барған “Қайрат” дәл осындай есеппен жеңiлген едi. Ендi мiне, есесiн де түгендеп, ұпайын да олжалады.

Бұл турда Астананың “Локомотивi” жер болды. Павлодарға барып, жер­гiлiктi “Ертiстiң” илеуiнде қалды. Ұлттық құрама сапында бес бiрдей футболшысы ойнайтын клуб үшiн орасан жеңiлiс болды бұл матч. “Ертiс” ойынға нүкте­нi есеп 5:0-ге жеткенде бiр-ақ қойды. Қалған ойындар нәтижесi мынадай. “Восток” “Шахтерден” 1:2 есебiмен ұтылды. “Тобыл” – “Жетiсу” 1:0, “Атырау” – “Ордабасы” 1:1, “Қайсар” – “Тараз” 1:0.
Мергендер:
Марат Хайруллин, “Ақтөбе” –   8 гол,
Сергей Хижниченко, “Шахтер” – 7,
Малик Мане, “Ақтөбе” – 6
Дайындаған – Қуаныш БАЖАҚ. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар