1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №38 (15600) 17 мамыр, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
17 мамыр 2011
Тұңғыш чемпион – қазақ!

Ресейдiң Псков қаласында кикбоксинг және аралас жекпе-жектiң К-1 сериясы бойынша New Order Fighting Championship NOFC-2 «New Blood» турнирi өттi. Халықаралық деңгейдегi жарысты бiрiншi рет қабылдаған бұл қалада жекпе-жектiң осы түрiнде жаңа салмақ дәрежесi бойынша кездесулер өттi. 65 келi салмақ дәрежесi бойынша Гран-при жолында 4 мемлекеттiң: Ресей, Қазақстан, Беларусь және Әзiрбайжан елiнiң мықтылары қатысты. Өзара кездескен олар бiр күннiң iшiнде-ақ чемпионды анықтады.

“Арлан” лақап атымен танылған қазақ жiгiтi Ержан Естанов осы жарыста ел намысын қорғаған болатын. Мейiржан Қашағанов пен Вадим Дзейтов жаттықтыратын балуан тарихтағы тұңғыш аралас жекпе-жек пен кикбоксинг бойынша 65 келiге дейiнгi салмақ дәрежесiндегi беделдi бәсекенiң жеңiмпазы атанды. Осыған дейiн дәл осы жартылай жеңiл салмақта жекпе-жектер өткiзiлген емес. 
Ержан Естанов – қоян-қолтық жекпе-жек, джиу-джитсу және самбо бойынша спорт шеберi. ISCP нұсқасы кәсiпқой панкратион бойынша әлем чемпионатының финалисi. Сонымен қатар, дәл осы нұсқа бойынша командалық әлем кубогының иегерi. Оған қоса 6-бұрыш, ММА бойынша ТМД чемпионы.
Псковтағы жарыста жерлесiмiз жартылай финалда шығыс жекпе-жектерi дзюдо мен ушу саньданың хас шеберi беларусь Александр Гладкимен күш сынасты. Ержанның қарсыласының қолына қолданған ауырту әдiсi кездесудiң нәтижесiн шештi.
Ақтық сында Естанов Ресейдiң белдi балуаны Мұрат Сабановқа қарсы тұрды. Қылғындыру әдiсiн қолданған жерлесiмiз қарсыласқа мұрсат қалдырмады. Екi жекпе-жекте де жерлесiмiз алғашқы минутта қарсыласын тiзе бүктiрдi. Әрине, Ержанның алар шыңы әлi алда, дегенмен қазiрдiң өзiнде 25 жасар жiгiт үздiк балуандардың қатарында, өйткенi ол жартылай жеңiл салмақ бойынша әлемдегi тұңғыш және әзiрше жалғыз жеңiмпаз, NOFC Гран-приiнiң иегерi.
 
Назерке Сұлтанбек.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар