1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №37 (15599) 13 мамыр, жұма 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
13 мамыр 2011
Қытай жерiнен бес жүлде

Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасы Қытайдың Хайкоу қаласында өткен Азия кубогынан оралды. Вадим Присяжнюк баптайтын елiмiздiң бойжеткендерi бұл сыннан бес жүлде әкелдi.

Биыл тұңғыш рет ұйымдастырылып тұрған Азия кубогында бiздiң бойжеткендерге алтын медаль бұйырмады. Өкiнiштiсi сол, бiздiң төрт бiрдей бойжеткенiмiз финалда өнер көрсет­iп, жеңiлiп қалды.
54 келi салмақта жұдырықтасқан Жайна Шекербекова жартылай финалда филиппиндiк боксшыны жеңдi. Финалда Жайна солтүстiккореялық Ким Сонг Худан 4:7 есебiмен жеңiлiп қалды.
64 келi салмақтағы Саида Хасенова Солтүстiк Кореяның тағы бiр боксшысы Пак Кионг Октан жартылай финалда 8:15 есебiмен ұтылып, қола жүлденi қанағат тұтты. Солтүстiк­кореялық бойжеткен финалда шаршы алаң иесiн ұтып, Азия кубогын қанжығасына байлады.
 69 келiде ел намысын қорғаған Елена Кольцова да бас жүлдеге бiртабан жетпей қалды. Финалда қытай боксшысымен қолғап түйiстiр­ген Е.Кольцова қарсыласынан 11:25 есебiмен ұтылып қалды.
81 келi салмақтағы Марина Вольнова финалда өте жақсы жұдырықтасып едi. Алайда Маринаның жолын төрешiлер кестi. Қытай боксшысымен Азия кубогының бас жүлдесiн сарапқа салған Марина шаршы алаң иесiмен 15:15 есебiмен тең түстi. Төрешiлер жекпе-жектiң соңында өзара ақылдаса келе жеңiстi қытай боксшысына бердi.
Аса ауыр салмақта өнер көрсеткен Жұлдыз Маматқұлова да күмiс медальмен оралды. Жұлдыз да финалда қытай боксшысынан жеңiлiп қалды. Бұл жекпе-жектiң қорытынды нәти­же­сi: 6:9.
Азия кубогының қорытындысы бойынша, жалпыкомандалық есепте Қытай боксшылары озып шықты. Жарыс қожайындары он салмақтың алтауында үздiк шықты. Екiншi орынға Солтүстiк Корея боксшылары ие болды. Жалпы биыл бiрiншi рет тұсауын кескен Азия кубогына 12 елдiң боксшылары қатысты.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар