1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №37 (15599) 13 мамыр, жұма 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
13 мамыр 2011
«Арландар» елге оралды

“Астана арландары” кәсiп­қой бокс клубының боксшылары сейсенбi күнi елге оралды. Қытайдың Гуйянг қаласында “Париж Юнайтед” командасынан жеңiлiс тапқан “арландар” бүкiләлемдiк бокс сериясының күмiс медалiмен және 150 000 АҚШ доллары көлемiнде сыйақыға ие болды.

Бейбiт Есжанов,
“Астана арландары” клубының бас бапкерi:
– Менiң ойымша, бiз алдымызға қойған мақсатымызды орындадық. Маусым басында бiздiң алдымызға қойған талап – бүкiләлемдiк бокс сериясының плей-офф бәсекесiне шығып, олимпиаданың бiр лицензиясын ұтып алу едi. Қараңыздар, бiз финалда өнер көрсеттiк. Ал екi боксшымыз олимпиада ойындарының лицензиясына таласады. Егер екi жiгiтiмiз де олимпиада ойындарының жолдамасын жеңiп алып жатса, онда бiз өзiмiзге жүктелген тапсырманы асыра орындағанымыз.
Рас, финалда бiз көп қателiк жiбердiк. Жастарға көп сенiм арттық. Жеңiске деген сенiм бар едi. Бәлкiм, бiздi құртқан да сол болар. Бiрақ бiр айта кетерлiгi, финалда боксшыларға қарағанда төрешiлер көп рөл атқарды. Еуропалық командамен бас жүлденiң тағдырын шешкен кезде екi бiрдей еуропалық төрешiнiң болуы қателiк. Бұл – тек менiң жеке пiкiрiм.
 
Бақыт Сәрсекбаев,
“Астана арландары” клубының капитаны:
– “Париж Юнайтед” сияқты командадан жеңiлу бiз үшiн, әрине ұят. Жекпе-жектiң алдында бiздерге төрешiлермен жұмыс iстеу керек едi. Төрешiлердi сатып алу керек деген ойдан аулақпын. Бiрақ тым болмағанда бiр төрешiнi Азия құрлығынан қойғанда жекпе-жек әдiл өтер ме едi, кiм бiлсiн?! Бiздiң жiгiттер осы жағынан келгенде жеңiлiс тапты.
Финалда жұдырықтасқан боксшылардың барлығы өз деңгейлерiнде бокстасты. Олар жан аямай бар күштерiн салды. Әрине, бiздiң шаршағанымыз да байқалды. Өйткенi бұл маусым бiз үшiн өте қиын болды.
Кейде өз жанкүйерлерiмiздi түсiн­бей де қаламын. Жекпе-жектен кейiн Бақыт Сәрсекбаевты бiрiншi жекпе-жекке қою керек едi деп шулап жүр. Бұл жерде кiмнiң шығатынын жан­күйер­лер шешпейдi. Мен де шеш­пеймiн. Бiздi әр жекпе-жекке қоятын бап­керлерiмiз бар. Қазiр командадағы боксшылардың көңiл-күйi өте нашар. Бiз жеңемiз деп шыққан едiк. Жеңiлемiз деген ой тiптi басымызға кiрген емес...
 
Мерей Ақшалов,
“Астана арландары” клубының боксшысы:
             Бiз өзi­­мiзге жүктеген тапсырманы орын­дадық. Топтық ойындарда да, плей-офф ойындарында да жеңiске жеттiк. 5:0, 4:1 сияқты iрi есеппен жеңген күнiмiз де болды. Финалда өздерiңiз байқадыңыздар, жеңiстi бiзге берген жоқ. Мен бүкiл маусым бойы бiздiң командаға жанкүйер бол­ғандарға рақмет айтам. Бiздiң көптеген жеңiстерiмiз жанкүйер­лердiң арқасы.
 
Ержан Мұзафиров,
“Астана арландары” клубының боксшысы:
– Олим­пиа­да ойындарының жолдамасын сарапқа салуға әлi уақытым бар. Осы аптада ешқайда шықпай демаламын. Одан кейiн Астанада оқу-жаттығу жиыны басталады.
Финалдық жекпе-жекке келер болсам, менiң ойымша, бiз жарыстың бiрiншi күнi 3:2 есебiмен емес, 4:1 есебiмен ұтуымыз керек едi. Руслан Мырсатаев, менiң ойымша, жеңдi. Бiрақ, төрешiлердiң еуропалық боксшыға бүйрегi бұрғанын байқадыңыздар.
Бiздiң команданың рухы мықты. Мен соған қуанамын...
Жолдамаға таласатын қытай бокс­шысымен топтық ойындарда жұдырықтасып, жақсы жеңгенмiн. Финалда да солай жұдырықтасуға бар күшiмдi саламын.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар