1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №33 (15595) 28 сәуір, бейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
28 сәуір 2011
Жоғарғы топпен қоштастық

Хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы әлем бiрiн­шiлiгiнiң жоғарғы тобымен қош айтысты. Швейцарияда өткен бүкiләлемдiк додада жеңiлiстен көз ашпаған қазақстандық бойжет­кендердiң әлемдiк сайыстың элиталық дивизионына ендi қашан оралатыны белгiсiз. Белгiлiсi, бiздiң бойжет­кендердiң орнын немiс қыздары басады.

Жоғарғы топтан өз орнын жоғалт­қан қазақстандық хоккей­шiлер В тобында үш ойын өткiз­ген болатын. Алдымен фин қыздарына 3:5 есебiмен жол берген бойжеткен­дерiмiз Канада хок­кейшiлерiнен 0:7, Швейцариядан 1:6 есебiмен ойсырай ұтылды.
Қазақстан бойжеткендерi әлем­дiк бiрiншiлiктегi өз орындарын сақтап қалуы үшiн Словакия хоккейшiлерiн үш ойынның нәти­же­сiнде басым түсуi керек едi. Алайда Александр Мальцев­тiң шәкiрт­терi қатарынан екi рет жеңiлiп, жiгерсiздiк танытты.
Швейцарияда өткен әлем бiрiн­шiлiгiнiң бас жүлдесi АҚШ қыздарына (суретте) бұйырды. Американдықтар финалда Канаданы 3:2 есебiмен жеңдi. Дәл осындай есеппен Ресей қыздарын ұтқан Финляндия хоккей­шiлерi қола жүлдеге ие болды.
Әлем бiрiншiлiгiнiң қорытындысы:
1. АҚШ
2. Канада
3. Финляндия
4. Ресей
5. Швеция
6. Швейцария
7. Словакия
8. Қазақстан
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар