1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №27 (15589) 7 сәуір, бейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
7 сәуір 2011
Қоржынымыз қола медальға толып қайтты

Сәуiрдiң 1-3-i аралығында Қытайдың Бейжiң қаласында шорт-тректен Азия кубогы өттi. Мәдiғали Қарсыбеков баптайтын елiмiздiң шорт-трек шеберлерi бұл жарыста бес қола медальдi қоржындарына салып қайтты.

Азия кубогына жетi елдiң спортшылары қатысты. Атап айтсақ, Қазақстан, Қытай, Жапония, Оңтүстiк Корея, Гонконг, Үндiстан және Моңғолия елдерiнiң спортшылары жас ерекшелiгi бойынша құрлықтық жарыстың бас жүлдесiн сарапқа салды. Қазақстаннан барған Мария Зинченко, Дарья Гончарова және Ольга Тихоновалар жарыстың бiрiншi күнi эстафеталық жарыста мәреге үшiншi келiп, қола медальдiң иесi атанды. Жарыстың келесi күнi Қазақстан шорт-трекшiлерi тағы төрт қола медаль жеңiп алды. Соның үшеуi жастарымыздың еншiсiнде. Қытай жерiнде, әсiресе, елiмiздiң жасөспiрiм бозбалалары мен бойжеткендерi белсендiлiк танытты. Олар эстафеталық жарыста екi бiрдей қола медальдiң иелерi атанса, 500 метрге жарысуда Дарья Волокитина сынды жасөспiрiм бойжеткенiмiз Азия кубогын үшiншi орынмен қорытындылады. Ересектер арасында өнер көрсеткен Артур Сұлтанғалиев те намысты қолдан бермей, Қазақстан құрамасына бесiншi қола медальдi сыйлады.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар