1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №27 (15589) 7 сәуір, бейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
7 сәуір 2011
Қоссаев қола жүлдегер

Кеше Бiрiккен Араб Әмiрлiгiнiң астанасы Әбу-Дабиде дзюдодан Азия чемпионаты мәресiне жеттi. Сәуiрдiң 5-i күнi басталған жарыстың бiрiншi күнi Қазақстан құрамасының дзюдошылары бiр қола медальға ие болды.

Дзюдошы жiгiттердiң жаңадан келген бас бапкерi Асқат Житкеев Араб әмiрлiгiнiң астанасына жетi жiгiт апарған болатын. 60 келi салмақта ел намысын қорғаған Еркебұлан Қоссаев доданың бiрiншi күнi татамиге шығып, қола медальдi қанағат тұтты. Еркебұлан жартылай финалға дейiн үш палуанды тiзе бүктiрдi. Атап айтсақ, алғашқы белдесуiнде жерлесiмiз палестиналық палуанды ұтса, екiншi белдесуiнде Индонезиядан келген қарсыласын қапы қалдырды. Ширек финалда Еркебұлан қытай дзюдошысын юко әдiсiмен ұтып жатып, белдесудiң соңында иппон әдiсiне салды да таза жеңiске жеттi. Өкiнiшке қарай, жартылай финалда Еркебұлан оңтүстiк­кореялық палуанға шамасы келмедi. Қола медаль үшiн болған кездесуде жерлесiмiз Иемен елiнен келген палуанды жеңдi.
66 келi салмақта белдескен пал­уандардың iшiнде отандасымыз Арсен Хатиптiң жолы болмады. Алғаш­қы айналымда қырғыз палуанына ешбiр әдiс қолдана алмаған А.Хатип жеңiстi қырғыз палуанына берiп, өзi жарыстан шығып қалды. Жерлесi­мiздi жерге қаратқан қырғыз палуаны келесi айналымда жапон палуанынан жеңiлiп қалды.
73 келi салмақтағы Рашид Құлбаев та бiрiншi белдесуiнде жеңiлдi. Иран елiнiң намысын қорғаған Әли Маломатпен жұп құраған Құлбаев қарсыласынан иппон әдiсiмен ұтылды.
Әйелдер арасындағы бәсекеге келсек, Ербол Қырғызбаев жетекшi­лiк ететiн бойжеткендер бұл Азия бiрiншiлiгiнен кем дегенде екi-үш медаль алуды жоспарлаған едi. Өкiнiшке қарай, жарыстың бiрiншi күнi төрт бiрдей палуанымыз татамиге шығып, барлығы да жүлдесiз қалды. 48 келi салмақта күрескен Александра Подрядова чемпионаттың жартылай финалына дейiн шығып тұрып, қола медальдан айрылып қалды. Финалға шығар жолда қытай қызына төтеп бере алмаған А.Подрядова қола медаль үшiн болған айқас­та вьетнамдык бойжеткенге де жеңiстi берiп қойып, өзi бесiншi орынды мiсе тұтты. 52 келi салмақтағы Линара Минғазова жарысты бесiншi орынмен қорытындылады. Линара жартылай финалда жапон палуаны Юка Нишидадан ұтылса, қола медаль үшiн болған белдесуде оң­түстiккореялық палуанды ұтуға дәрменi келмедi.
Бесiншi орынға ие болған бойжеткендердiң iшiнде 63 келiде ел намысын қорғаған Зарина Әлдiкова да бар. Зарина бесiншi орын алған басқа палуандар сияқты емес, ширек финалда ұтылды. Алайда, қола медаль үшiн белдесуге мүмкiндiк ал­ған З.Әлдiкова үндiстандық палуанды жеңгеннен кейiн iле-шала жапон палуанымен күш сынасып, ұтылып қалды. 57 келi салмақтағы Алина Тен бiрiншi айналымда қытай палуанынан ұтылып қалғандықтан қола медаль үшiн болатын белдесуге мүмкiндiк ала алмады.
Кеше кешкiсiн ерлер арасындағы сайыста төрт салмақ дәрежесi бо­йынша жеңiмпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Бойжеткен палуандар қалған үш салмақ дәрежесi бойынша белдестi. Азия чемпионатының толықтай нәтижесiн газетiмiздiң келесi санында жариялайтын боламыз.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар