1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №27 (15589) 7 сәуір, бейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
7 сәуір 2011
Көш басында – «Жетiсу»

Осы аптаның басында футболдан Қазақстан премьер-лигасына қатысып жатқан командалар 5-тур ойындарын өткiздi.

Ел бiрiншiлiгiнiң 2-турында Алматының “Қайратына” есе жiберген Талдықорғанның “Жетiсуы” 5-турдың қорытындысы бойынша көш бастап келедi. Бес ойында төрт бiрдей жеңiс тойын тойлаған “жетiсулық” футболшылар дүйсенбi күнi сырт алаңда “Тараз” клубын жеңдi: 1:0. Талдықорғандық футболшылармен бiрдей ұпай жинаған “Ақтөбе” турнир кестесiнiң екiншi сатысында тұр. Қазақстанның төрт дүркiн чемпиондары 5-турда “Ордабасы” футболшыларымен алаңға шығып, қарсыластарын 2:1 есебiмен ұтты. 5-турдың орталық кездесулерiнiң бiрiнен саналған “Шахтер” мен “Локомотив” командалары арасындағы ойында есеп ашылған жоқ: 0:0.
5-турдың атап өтетiн тағы бiр ойы­ны Өскеменде ойналды. Былтырғы маусымда ел чемпионы атанған Қостанайдың “Тобылы” “Востокпен” 2:2 есебiмен тең түстi. Бұл ойын “Тобыл” үшiн жеңiлiске пара-пар деп айтсақ та болады. Ойынның 86-минутына дейiн алаң иелерiн 2:0 есебiмен ұтып жат­қан Равиль Сабитовтiң командасы кездесудiң аяқталуына санаулы минуттар қалғанда жеңiстен айырылып қалды. Алдымен 86-минутта “Восток” футболшысы Дмитрий Мамонов есеп айырмасын қысқартқан-ды. Төрешi қосқан қосымша минутта Павел Удалов шығысқазақстандық футболшыларды жеңiлiстен құтқарып қалды: 2:2.
 
5-ТУРДЫҢ ТОЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРI ТӨМЕНДЕГIДЕЙ:
“Шахтер” (Қарағанды) – “Локомотив” (Астана) – 0:0;
“Ақтөбе” (Ақтөбе) – “Ордабасы” (Шымкент) – 2:1 (Эссомба, 14-минутта, Хайруллин, 74-минутта – Тәжiмбетов, 80-минутта);
“Қайсар” (Қызылорда) – “Атырау” (Атырау) – 1:0 (Максим, 74-минутта);
“Тараз” (Тараз) – “Жетiсу” (Талдықорған) – 0:1 (Сариев, 73-минутта);
“Восток” (Өскемен) – “Тобыл” (Қостанай) – 2:2 (Мамонов, 86-минутта, Удалов, 90+2-минутта – Данаев, 36-минутта, Волков, 79-минутта);
“Қайрат” (Алматы) – “Ертiс” (Павлодар) – 1:3 (Балтиев, 51-минутта – Дорош, 33-минутта, Иванов, 73-минутта, Мальцев, 90-минутта).
 
ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК
Қазақстан футбол қа­уым­дастығының берген мәлiметiне сүйенсек, 5-тур ойындары кезiнде стадионға 15 500 жанкүйер келген. Бұл көрсеткiш өткен 4-тур ойындарымен салыстырғанда ­ 17 800 адамға аз. 
5-турда қақпаға барлығы 13 доп соғылды. Оның алтауын алаң иелерi соқса, жетеуi қонақтардың еншiсiне жазылды.
Бұл турда 17 футболшы ескерту алды. Егер өткен турмен салыстырсақ, бұл турда футболшылар соншалықты дөрекiлiк танытты деп айта алмаймыз. 4-турда төрешiлер футболшыларға 27 ескерту берiп, екi футболшыны алаңнан қуып шыққан болатын.
Алматылық “Қайраттың” жартылай қорғаушысы Руслан Балтиев Павлодардың “Ертiсiмен” болған ойында өзiнiң 30-добын соқты. Керекулiк футболшылармен болған ойында Р.Балтиев Қазақстан бiрiн­шiлiгiндегi өзiнiң 160-ойынын өткiздi.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар