1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №92 (15446) 17 қараша, сейсенбі 2009
"Жас Алаштың" спорт беті.
17 қараша 2009
Алматылықтар алып та, шалып та жықты

Қызылордада еркiн және әйелдер күресiнен Қазақстан кубогы сарапқа салынды. Командалық жарыс бойынша өткен Сыр өңiрiндегi додада Алматы облысының еркiн күрес палуандары бас жүлдеге ие болды.

Алматы облысынан келген палуандар топтық белдесулерде Қарағанды, Қостанай облыстарының палуандарымен қатар, Алматы қаласының палуандарымен күш сынасқан-ды. Жалпы, Қазақстан кубогына елiмiздiң әр облысынан он команда және Алматы мен Астана қалаларының палуандары қатысты. Төрт-төрттен үш топқа бөлiнген командалардың арасынан Алматы облысының палуандары А тобынан үздiк болып танылса, В тобынан Маңғыстау облысының палуандары озып шықты. Маңғыстау­лықтар Солтүстiк Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облысының палуандарымен бiр топта белдестi. Соңғы С тобынан оңтүстiкқазақстандықтар бiрiншi болып финалға жолдама алды. Олар Жамбыл мен Ақмола облыс­тарының палуандарымен қатар Астанадан келген палуандарды тiзе бүктiрдi.
А тобынан қара үзiп шыққан Алматы облысының палуандары финалда Маңғыстау мен Оңтүстiк Қазақстан облыстарынан келген палуандарды жеңiп, Қазақстан кубогына ие болды. Жүлделi екiншi орынды Шымқаланың жiгiттерi ұтып алды. Олар, Алматы облысының палуандарынан жеңiлген соң, маңғыстаулықтардан басым түстi.
Әйелдер арасындағы күрес те еркiн күрестiң ережесiмен өттi. Қызылордаға жиналған он екi команда төрт-төрттен үш топқа бөлiнiп, Қазақстан кубогының егесiн анықтады. Финалда Алматы мен Оңтүстiк Қазақстан облыс­тарының палуандарын жеңген Алматы қаласының бойжеткен­дерi Қазақстан кубогын қанжығаларына байласа, оңтүстiкқазақ­стан­дықтар күмiс, Алматы облысының палуандары қола жүлдеге ие болды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар