1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21-22 (15583-84) 18 наурыз, жұма 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
18 наурыз 2011
Төртiншi тур мәресiне жеттi

Волейболдан Қазақстан бiрiншiлiгiнiң Ұлттық лигасында өнер көрсетiп жатқан қыз-жiгiттер 4-турдың ойындарын қорытындылады.

Орал қаласында 8-13-i аралығында елiмiздiң ерлер командасы бақ сынады. Алты команданың арасында әзiрге “Алматы” командасы көш бастап келедi. Десек те алматылықтар Оралда екi ойында жеңiлiп, Хромтаудың “ТНК Қаз­хром” командасын өзiне жақындатып алды. “Алматы” волейболшылары алдымен Оралдың “Конденсатын” 3:0 есебiмен жеңдi. Артынан Петропавлдың “Есiлiн” тiзе бүктiрдi: 3:1. Өскеменнiң “Шығыс-СвинецСтрой” командасымен және Хромтаудың “ТНК Қазхром” клубтарымен болған ойында алматылықтар жеңiлiп қалды. Тек турдың соңғы кездесуiнде “Атырауды” ұтты: 3:1.
3-турдың қорытындысы бо­йынша “Алматы” командасынан 4 ұпайға қалып тұрған “ТНК Қаз­хром” командасы 4-турдың барлық ойындарында жеңiске жетiп, көшбасшы командамен ұпай айырмасын екеуге қысқартты. Әзiрге “Алматының” қоржынында” 37 ұпай бар. “ТНК Қазхромда” – 35 ұпай. “Алматы” мен “ТНК Қаз­хром” командаларының iзiн ала Өскеменнiң “Шығыс-СвинецСтрой” командасы келе­дi. Өскеменнiң командасында 31 ұпай. Ерлер арасындағы Ұлттық лиганың келесi туры 31 наурыз бен 6 сәуiр аралығында Өскеменде өтедi.
Қарағандыда өткен әйелдер арасындағы 4-турда Талдықорғанның “Жетiсуы” еш­кiм­ге дес берер емес. Бес ойын­ның бесеуiнде жеңiске жеткен “Жетiсу” волейболшыларын қуып жету әзiрге “Қарағанды” мен “Ертiс Қазхром” волейболшыларының қолынан келер емес. “Жетiсу” 4-турдың қорытындысы бойынша 39 ұпай жинады. Павлодардың “Ертiс Қазхром” клубы мен Қарағандының “Қарағанды” клубтарында 33 ұпайдан бар.
Келесi тур 28 наурыз бен 2 сәуiр аралығында Астанада өтедi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар