1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21-22 (15583-84) 18 наурыз, жұма 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
18 наурыз 2011
Әлем чемпионаты Ресейде өтуi мүмкiн

Мәнерлеп сырғанау

Наурыздың 21-27-сi аралығында Жапонияның Токио қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем бiрiн­шiлiгi өтуi тиiс едi. Алайда жапон жерiндегi табиғи апатқа байланысты әлемдiк сайыс өтпейтiн болды.
Табиғи апаттан қасiрет шегiп жатқан ел әлем бiрiншiлiгiн қайдан өткiзсiн?!. Осыны ескерген халықаралық конькишiлер одағы Жапонияда өтетiн доданы кейiнге шегеруге немесе басқа елде өткiзудi ұйғарып отыр. Әзiрге “әлем бiрiншiлiгi бiздiң елде өтсiн, бiз дайынбыз” деп отырған тек ресейлiктер ғана. Ресейдiң спорт министрi Виталий Мутко сәрсенбi күнi халықаралық конькишiлер одағына осындай ұсыныс хаттарын жiбердi. Ұйым мүшелерi солтүстiктегi көршi­лерiмiздiң өтiнiшiн қабылдай ма, қабылдамай ма, ол жағы белгiсiз.
Жалпы, Жапониядағы зiлзала мен цунамиге байланысты Күншығыс елiнде бiраз спорттық жарыстар тоқтап тұр. Мәселен, 25 наурызда Жапония мен Черногория футболшылары Сизуо­ке қаласында жолдастық кездесу өткiзуi керек болатын. Бұл ойын кейiнге шегерiлдi. Сондай-ақ футболдан Азияның Чемпиондар лигасының ойындары мен мотожарыстан әлем кубогының екiншi кезеңi де алдын ала жоспарланса да, Жапония үкiметi бұларды әзiрге өткiзбеу туралы шешiм шығарды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар