1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №19 (15581) 10 наурыз, бейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
10 наурыз 2011
Аидова әлем кубогын жеңiп алды

Голландияның Гронинген қаласында өткен аптада коньки спортынан жасөспiрiмдер арасындағы әлем кубогы аяқталды. Дүниежүзiнiң ең таңдаулы жас спортшылары жиналған додада қазақстандық Екатерина Аидова жеңiмпаз атанды. Е.Аидова 500 метрге жарысуда дара келдi. Оның уақыты – 39,99 секунд. Кәрiс қызы Хьюн Юн Ким 40,57 секунд көрсеткiшпен екiншi орынға ие болды. Үздiк үштiкке немiс конькишiсi Дорен Ламб ендi: 40,94 секунд.

Қазақстанның жасөспiрiм қыздары командалық жарыста небәрi сегiзiншi орынды мiсе тұтты. Командалық сайыстың бас жүлдесiн жапондар жеңiп алды. Күншығыс елiнiң өкiлдерiнен кейiн мәреге Канада мен АҚШ қыздары келдi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар