1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17-18 (15579-80) 4 наурыз, жұма 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
4 наурыз 2011
Боз кiлемде – Бойжеткендер

Ертең Францияның Ливьен қаласында әйелдер күресiнен әлем кубогы басталады. Бұл сын­ға әлемнiң сегiз елiнiң палуандары қатыспақ. Жетi салмақ дәрежесiнде өтетiн әлем кубогы командалық сайыс түрiнде өтедi. Елiмiзден бұл сынға он пал­уан аттанды. Атап айтсақ, 48 келiде Элеонора Әбутәлiпова мен Гүлмира Ысқақова күрессе, 51 келiде Жұлдыз Ишимова бозкiлемге шығады. 2010 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегерi Айым Әбiлдина 55 келiде, Ольга Калинина 59 келiде ел намысын қорғайды. 63 келi салмақ дәрежесiнде Татьяна Захарова өнер көрсетпек. 67 келiде елiмiздiң белдi палуаны Елена Шалыгина мен жастар арасында Азияның қола жүлдегерi Элмира Сыздықоваға сенiм артылып отыр. Ең ауыр салмақта, яғни 72 келiде Гүзель Манюрова мен Ольга Жәнiбековалар белдеседi.

Әлем кубогына Франция мен Қазақстаннан басқа Канада, Қытай, АҚШ, Жапония, Моңғолия және Ресей елiнiң палуандары қатысады. Жарыс жексенбi күнi мәресiне жетедi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар