1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17-18 (15579-80) 4 наурыз, жұма 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
4 наурыз 2011
Суперкубок Астанада қалды

Сейсенбi күнi Астанада футболдан Қазақстанның суперкубогы сарапқа салынды. Былтырғы жылы Қазақстан кубогын жеңiп алған Астананың “Локомотивi” ел чемпионы Қостанайдың “Тобылын” тiзе бүктiрдi: 2:1.

Наурыздың 2-сi күнi өткен кездесуде астаналық футболшылар алдымен есеп ашты. “Локомотивтiң” үздiк шабуылшыларының бiрi Игорь Бугаев ойынның 15-минутында есеп ашқан-ды. Кездесудiң екiншi жартысында “Тобыл” футболшылары ойын тiзгiнiн өз қолдарына алып, есептi теңестiруге мүмкiндiк алды. Бұрыштан берiлген допты “Локомотив” қақпашысы Алексей Белкин айып алаңының сыртына қарай қайтарып, өрескел қателiкке бой алдырды. Ашық қалған қақпаға “Тобыл” футболшысы Александр Кислицын шiрене тартты: 1:1. Қостанайлық футболшылардың бұдан кейiн де астаналықтардың қақпасына доп соғатын мүмкiндiктерi болған едi. Алайда ел чемпиондары өздерiне берiлген мүм­кiндiктi сәттi пайдалана алмады. “Тобыл” сапынан, әсiресе, Ермек Қуантаев белсендi болды. Бұл ойындағы жеңiс добы таразы басы теңескеннен кейiн арада алты минут өткенде соғылды. Бұрыштама добы берiлген кезде “Тобыл” ойыншысы Александр Кислицын айып алаңының iшiнде Михаил Рожковқа қарсы ойын тәртiбiн бұзып, төрешi Айдын Рахымбаев қостанайлықтардың қақпасына 11 метрлiк айып добын белгiледi. “Локо­мотивтiң” шабуылшысы Игорь Бугаев айып соққысынан мүлт кеткен жоқ: 2:1.
“Тобыл” футболшылары таразы басын теңестiруге қанша жанталасқанымен “Локомотивтiң” қорғанысын бұзып өте алмады. Осылайша, астаналық футболшылар өз тарихында тұңғыш рет Қазақстанның суперкубогына ие болды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар