1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №91 (15445) 12 қараша, бейсенбі 2009
"Жас Алаштың" спорт беті.
12 қараша 2009
Екi жылға 8 миллион еуро

“Тур де Франс” көпкүндiгiнiң екi мәрте жеңiмпазы испаниялық велошабандоз Альберто Контадор “Астана” командасымен тағы екi жылға келiсiмшартқа отырды. Алайда, испан велошабандозы “Астана” командасы 20 қарашаға дейiн халықаралық велошабандоздар қауымдастығынан өз лицензияларын ала алмаса, онда келiсiмшартты бұзуға мәжбүр болады. Өйткенi, “Астана” командасына Халықаралық велошабандоздар қауымдастығының әлем­дiк жарыстарға қатысуға рұқсат ететiн қағазы әлi берiлген жоқ. Егер берiлмеген жағдайда “Астана” клубы келесi жылы өтетiн “Тур де Франс”, “Вуэльта”,“Джиро      д, Италия” сынды халықаралық жарыстарға жiберiлмейдi.

Бельгияның “Het Nieuwsblad” баспасөзiнiң жазуынша “Астана” клубының басшылары А.Конта­дор­ға жылына 8 миллион еуро төлеуге келiскен. Алайда, бұл ақпаратты “Астана” командасының басшылары жоққа шығарды. Олардың айтуынша, Контадорға жылына 4 миллион еуро төлейдi. Демек, испан велошабандозы “Астана” командасында қалатын болса, онда ол екi жылда 8 миллион еуроны қалтаға басады.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар