1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (15575) 17 ақпан, бейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
17 ақпан 2011
Гонсалестiң жетпiсiншi голы

Еуропаның Чемпиондар лигасының ойындары қайта жал­ғасты. Топтық ойындардан озып шығып, 1/8 финалына жолдама алған командалар келесi аптада алғашқы кездесулерiн аяқтайды. Сейсенбi күнi 1/8 финалының екi ойыны ойналды. Апенин түбегiне қонаққа барған ағылшынның “Тоттенхэм” клубы “Милан” футболшыларын өз жанкүйерлерiнiң алдында ұтып кеттi: 1:0. Лондондықтардың сапынан ойынның 80-минутында Питер Крауч мергендiгiмен көзге түстi.

Испанияның “Месталья” стадионында жергiлiктi “Валенсия” командасы Германияның “Шальке-04” клубын қабылдады. Былтырғы маусымда немiс бундеслигасын екiншi орынмен қорытындылаған “Шальке-04” футболшылары биылғы бундеслига ойын­дарында ала-құла өнер көрсетiп жүрсе де Чемпиондар лигасының кездесулерiн сәттi өткiзуде. Феликс Магат жаттықтыратын команда алдымен топтық ойындардан шықты. Ендi мiне, “Валенсиямен” болған сырт алаңдағы кездесуде алаң иелерiмен тең ойнап қайтты. Ойынның 17-минутында “Валенсия” футболшылары Сольдадоның көмегiмен алға шыққан. Екiншi кезеңнiң 64-минутында “Шальке-04”-тiң шабуылшысы Рауль Гонсалес (суретте) таразы басын теңестiрдi. Бұл – Рауль Гонсалестiң еурокубоктық ойындардағы жетпiсiншi голы. Өзiнiң осы көрсеткiшiмен Р.Гонсалес атақты немiс футболшысы Герд Мюллердiң рекордын жаңартты. Г.Мюллер еурокубоктық жарыстарда 69 доп соққан-ды.
 
ЕУРОКУБОКТЫҚ ОЙЫНДАРДА ЕҢ КӨП ДОП СОҚҚАН БЕС ФУТБОЛШЫ:
1. Рауль Гонсалес (Испания) – 70 гол;
2. Герд Мюллер (Германия) – 69 гол;
3. Андрей Шевченко (Украина) – 64 гол;
4. Филиппо Индзаги (Италия) – 63 гол;
5. Руд ван Нистелрой (Голландия) – 62.
 
Кеше түнде “Арсенал” (Англия) – “Барселона” (Испания), “Рома” (Италия) – “Шахтер” (Украина) командалары кездестi. Келесi аптаның сейсенбiсi мен сәрсенбiсiнде “Лион” (Франция) – “Реал” (Испания), “Копенгаген” (Дания) – “Челси” (Англия), “Интер” (Италия) – “Бавария” (Германия), “Марсель” (Франция) – “Манчестер Юнайтед” (Англия) клубтары 1/8 финалының алғашқы кездесулерiн өткiзедi. Қарымта ойындар наурыздың 8, 9, 15, 16 күндерiне белгiленген.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар