1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (15575) 17 ақпан, бейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
17 ақпан 2011
Төрешiлерге көңiлiмiз толмайды

Болат МАНКЕНОВ, “Астана арландары” кәсiпқой бокс клубының бас директоры

Елiмiздiң “Астана арландары” клубы осы аптаның соңында Қытайдың “Бейжiң айдаһарлары” клубының боксшыларымен қолғап түйiстiредi. Дүниежүзiлiк бокс сериясы аясындағы тоғызыншы жекпе-жегiн өткiзгелi тұрған жерлестерiмiздi одан кейiн тағы үш кездесу күтiп тұр.
Азия аймағында күш сынасып жатқан “арландарымыздың” қазiргi хал-ахуалы қалай? Жартылай финалға берiлетiн жолдаманы жеңiп алуға «арландардың» мүмкiндiгi жете ме?.. Әуесқой бокстан Алматыда өтiп жатқан ел бiрiншiлiгiнде “Астана арландары” клубының бас директоры Болат Манкеновпен жолығып, осы сұрақтарға жауап iздедiк. 
 
– Болат Тоқтарұлы, “Астана арландары” клубы Әзiрбайжанның “Baku Fires” клубынан сегiз ұпайға қалып тұр. Жалпы, жерлес­терiмiз­дiң Азия аймағынан қара үзiп шығатындай мүмкiндiгi бар ма?
– Расында да, бiздiң клуб әзiрбайжандықтарды бiраз алға ұзатып алды. Алайда бакулiк бокс­шылармен болған соңғы жекпе-жекте “арландарымыз” төрешi­лердiң әдiлетсiздiгiне ұшырады. Осыған байланысты бiз Дүние­жүзiлiк бокс сериясының басшылығына қарсылық хатымызды жолдадық. Ендiгi кезек бокс басшыларында. Олар бiздiң хатымызды қабылдады. Сөйттi де, арнайы комиссия құрып, шағымымызды 24 ақпан күнi қарайтын болды. Бакуде өткен жекпе-жектiң бас төрешiсi кездесудiң хаттамасына әлi қол қоймады. Оның басты себебi, бас төрешiнiң жекпе-жекке төрелiк жасаған төрешiлерге көңiлi толған жоқ.
– Сонда төрешiлер қай жекпе-жекте әдiлетсiздiкке барды?
– Мәселен, 54 келi салмақта ел намысын қорғаған Мiржан Рақымжанов алғашқы үш раунд бойы қарсыласынан басым болды. Бе­сiншi раундтың соңында Мiржан қарсыласына бiр емес, бес бiрдей соққысын дарыта бiлдi. Өкiнiшке қарай, мұның бәрiн төрешiлер есепке алмады. Тiптi ортадағы төре­шiнiң өзi жекпе-жектi қайта-қайта тоқтатып, Мiржанға мүмкiндiк бермедi. Сондай-ақ 73 келi салмақта бақ сынаған Қанат Исламға да төрешiлер қырын қарады. Менiң ойымша, 85 келiде өнер көрсеткен Марат Молдагереев те жеңiлген жоқ.
– Егер жекпе-жектi арнайы комиссия мүшелерi қайта қарап шығып, төрешiлердiң әдiлетсiз болғанын дәлелдеп жатса, “Астана арландары” мен “BAKU FIRES” клубы жекпе-жектi қайта өткiзе ме?
– Жоқ, жекпе-жек қайта өт­пейдi. Егер төрешiлер оңды шешiм шығарып жатса, онда жеңiс “Астана арландарына” жазылады.
– Демек, “арландарымыздың” жартылай финалға шығатын мүмкiндiгi әлi де бар екен ғой?
– Әрине, мүмкiндiгiмiз бар. Ол үшiн наурыз айында әзiрбайжан боксшыларымен өтетiн төртiншi жекпе-жекте жеңiске жетуiмiз керек. Iрi есеппен жеңiп жатсақ, тiптен жақсы. Дүниежүзiлiк бокс сериясының ережесiне сәйкес әр аймақтан үздiк шыққан үш командамен қатар, жартылай финал­ға тағы бiр команда қосылады. Оны бокс басшылары өз топтарынан екiншi орын алған командалардың арасынан iрiктейдi.
– Бокстан Қазақстан бiрiн­шiлiгiнде “Астана арландары” клубының сапынан Марат Молда­гереевтi ғана байқадық. “Арландардың” басқа да мүшелерiнiң ел бiрiншiлiгiнен тыс қалу себебi неде?
– Негiзгi ереже бойынша “Астана арландары” клубының боксшылары Қазақстан бiрiншiлiгiне қатыса алады. Алайда жарыс бiр аптаға созылады. Бiз осы аптаның соңында Қытайға барамыз. Сондықтан боксшыларға ауыр тимесiн деп, Марат Молдагереевтен басқасын жарысқа қоспадық. Маратты Қазақстан чемпионатына қосқандағы себебiмiз, оның тәжiрибесi әлi де аздау. Сондықтан аз да болса тәжiрибе жинақтай берсiн дедiк.
– Дүниежүзiлiк бокс сериясының аясында өтiп жатқан жарыста Лондон Олимпиадасының да жолдамасы сарапқа салынады. Осы тұрғыдан келгенде жерлестерiмiздiң олимпиа­даға жолдама алатын мүмкiндiгi бар ма?
– Лондон Олимпидасының жолдамасы жекелеген боксшылар­ға берiледi. Қазiрше бiздiң үмiт Ержан Мұзафировте. Бұл боксшы өз салмағының рейтингiсiнде бiрiншi орында тұр. Егер қалған кездесулерде Ержанның бағы жанып, өз рейтингiсiнiң көшбасшысы атанса, онда ол рейтинг бойынша екiншi орында тұрған боксшымен жұдырықтасады. Өздерiңiз бiлесiздер, Лондон Олимпиадасына жолдама берiлетiн жекпе-жек үш минуттан жетi раунд болады. Ержаннан бас­қа Қанат Әбутәлiпов сынды боксшымыздың да Лондон Олимпиадасының жолдамасына таласатын мүмкiндiгi бар. Дәл қазiр Қанат өз салмағының рейтингiсiнде үшiншi орында тұр. Бұдан басқа Бақыт Сәрсекбаевтың да рейтингiсi бас­қаларға қарағанда жоғары. Бақыт Алматыда әзiрбайжандармен өткен жекпе-жекте қабағы жарылып, жарыстан шығып қалды. Сол себептi оның рейтингiсi бiршама төмендеп қалды.
– Бiздiң елдiң әуесқой боксшыларына басқа командалардан шақырту болды ма?
– Жоқ. Дүниежүзiлiк бокс сериясының ережесiне сай, бiздiң боксшылар басқа елдiң командаларында өнер көрсете алмайды. Өйткенi кәсiпқой бокс клубын құрған елдiң боксшылары тек қана өз командаларында өнер көрсетуi тиiс.
– “Астана арландары” клубында орташа ауыр салмақ пен аса ауыр салмақтағы боксшылардың жағдайы мәз емес. Сырттан әкелген легионерлер де сенiмдi ақтамай жатыр...
– Шынында да, бiздiң командада орташа ауыр салмақ пен аса ауыр салмақтағы боксшылардың жағдайы көңiл қуантарлықтай емес. Оның басты себебi, легионер таңдау кезiнде бiзге жеребенiң жайсыз түскендiгi. Дүниежүзiлiк бокс сериясының кездесулерi басталар алдында бокс басшылары әр командаға легионерлердi таңдау құқығын бердi. Қалай дейсiз ғой?! Олар дүниежүзi бойынша екi жүзге тарта боксшыны таңдап алып, оларды он екi команданың арасында “аукционға” салды. Оның өзiнде бiз боксшыларды жеребе арқылы таңдап аламыз. Мәселен, аса ауыр салмақтағы боксшыларды таңдау кезiнде бiз он екi команданың iшiнде тоғызыншы боп таңдадық. Сондықтан да болар, әлемнiң бiраз мықты боксшыларын басқа командалар таңдап алып қойды. Ал орташа ауыр салмаққа келгенде үшiншi боп жеребе суырдық.
– “Астана арландары” клубы елiмiздiң белгiлi бiр қаласының атынан шықпайды. Тек Қазақстанның “Астана арландары” деген атпен ғана белгiлi. Сондықтан команданың атын “Астана арландары” емес, “Алаш арландары” десек дұрыс болар ма едi?..
– Бұл ойыңыз да дұрыс. Бiрақ Дүниежүзiлiк бокс сериясының қатып қалған қағидасы бар. Ол команда атауына да, жарысты өткiзу тәртiбiне де, тiптi жекпе-жектiң теледидар арқылы көрсетуiне де қатысты. Мәселен, басқа командалардың атауына келсек, барлығы да қала атауымен аталады. “Бейжiң айдаһарлары”, “Баку жалыны”, “Париж Юнайтед”... дегендей. Сондықтан команданың атын қойған кезде қаланың атымен байланыстырғанымыз содан.
– Сенбi күнгi жекпе-жекте кiмдер бақ сынайды?
– Қытайға баратын бес боксшының есiмдерi белгiлi. Олар: 54 келi салмақта Қанат Әбутәлiпов, 61 келiде Мерей Ақшалов, 73 келiде Бақыт Сәрсекбаев, 85 келiде Равшан Ахмедов және аса ауыр салмақта жұдырықтасатын Руслан Мырсатаев.
– Одан кейiнгi жоспар қандай?
– Қытайда өтетiн жекпе-жектен кейiн “Бейжiң айдаһарлары” бiздiң елге келедi. 12 наурызда Баку боксшылары қонақ болады. Ең соңғы жекпе-жек 19 наурызға белгiленген. Онда бiз кәрiс клубымен кездесемiз.
– Дүниежүзiлiк бокс сериясының жекпе-жектерi басталар алдында “Халықаралық Олимпиада Комитетi бұл жобаны қалай қабылдар екен” деген де ой болды. Жалпы, ХОК-тың бұл жобаға көзқарасы қалай?
– Өте жақсы деп толық сенiммен айта аламын. Өйткенi олимпиадалық комитеттiң басшылары бұл жобаға кәдiмгiдей қызығушылық танытып отыр.
– Бұл жоба коммерциялық жоба болғандықтан жүлде қоры да мол шығар?
– Командалық сайыста жеңiм­паз атанған клубқа бiр миллион доллар сыйақы берiледi.
– Әңгiмеңiзге рақмет!
Әңгiмелескен
Төлеубек ӘДIЛБЕКҰЛЫ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар