1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №12 (15574) 15 ақпан, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
15 ақпан 2011
Бойжеткендер жеңiлiп қайтты

Польшада ерлер және әйел­дер арасындағы көгалдағы хоккейден әлем бi­рiншiлiгi мәресiне жеттi. Жабық ғимаратта өткен дүниежүзiлiк сайыстың ерлер арасындағы бас жүлдесiн Германия құрамасы жеңiп алды. Немiс жiгiттерi алтын медаль үшiн болған айқаста алаң иелерi Польша хоккей­шiлерiн ұтты: 3:2. Бұл ойынның негiзгi уақыты 2:2 есебiмен тең аяқталған-ды. Төрешi қосқан қосымша минутта немiс хоккейшiлерiнiң бағы жанды. Қола медаль Авс­трия хоккейшiлерiне бұйырды. Австриялықтар үшiншi орын үшiн болған кездесуде Ресей құрамасын 5:0 есебiмен тас-талқан еттi.

Әйелдер арасындағы доданың бас жүлдесi де немiс жерiне кеттi. Финалда Голландияны 4:2 есебiмен жеңген Германия құрамасы жартылай финалда Украинаны 6:2 есебiмен ұтқан-ды. Украиндар бұл жеңiлiстен кейiн жинақылық танытып, қола жүлде үшiн болған бәсекеде Беларусь хоккейшiлерiн ұтты.
Қазақстанның әйелдер құрамасы да Польшада өнер көрсеттi. Алайда Данияр Жексенбеков баптайтын елiмiздiң бойжеткендерi алты кездесудiң барлығында жеңi­лiс тауып, он екiншi орында қалып қойды. Қазақстанның хоккейшiлерi алдымен Голландиядан 0:9 есебiмен ұтылса, Чехиядан 2:4, Украинадан 1:4, Австриядан 1:5, Аргентинадан 0:3 есебiмен жеңiлiп қалды. Уругваймен болған соңғы ойында да бiздiң бойжеткендер жiгерсiздiк танытты: 1:3.
Польшада өткен әлем бiрiншiлiгiне Қазақстанның әйелдер құрамасы мынадай құрамда қатысты: Талшын Бауыржанова, Наталья Сазонтова, Ольга Жижина, Асел Мұқашева, Елена Свирская, Вера Домашнева, Гүлнара Иманғалиева (команда капитаны) Алиса Шепкасова, Ирина Добриогло, Наталья Гатаулина, Мария Түсiп­жанова.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар