1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №12 (15574) 15 ақпан, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
15 ақпан 2011
«Арландар» төрешiлердiң қаһарына ұшырады

Осыдан он күн бұрын елiмiздiң “Астана арландары” кәсiпқой бокс клубы мен «Баку» клубының арасындағы жекпе-жекте төре­шiлер тарапынан әдiлетсiздiк орын алған. Бұл туралы осы команданың бас директоры Болат Манкенов (суретте) мәлiмдедi.

Б.Манкеновтiң айтуынша, “Астана арландары” клубының басшылары жекпе-жектен кейiн Дүние­жүзiлiк бокс сериясының төрешiлер алқасына шағым хат жолдаған.
– Бакулiк боксшылармен болған соңғы жекпе-жекте “арландарымыз” төре­шiлердiң әдiлетсiздiгiне ұшырады. Осыған байланысты бiз Дүниежүзiлiк бокс се­рия­сының басшылығына қарсылық хатымызды жолдадық. Ендiгi кезек бокс басшыларында. Олар бiздiң хатымызды қабылдады. Сөйттi де, арнайы комиссия құрып, шағымымызды 24 ақпан күнi қарайтын болды. Бакуде өткен жекпе-жектiң бас төрешiсi кездесудiң хаттамасына әлi қол қоймады. Оның басты себебi, бас төрешiнiң жекпе-жекке төрелiк жасаған төрешiлерге көңiлi тол­ған жоқ, – дедi Б.Манкенов.
“Астана арландары” клу­бы «Баку» клубынан 1:4 есебiмен жеңiлгенiн газе­тiмiздiң өткен сандарының бiрiнде жазғанбыз. Болат Тоқтарұлының айтуынша, әзiрбайжандармен болған жекпе-жекте 54 келi салмақтағы Мiржан Рахымжанов пен 75 келiдегi Қанат Ислам төрешiлердiң қаһарына ұшыраған.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар