1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №12 (15574) 15 ақпан, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
15 ақпан 2011
Роналдо үлкен футболмен қош айтысты

Футболдан Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншысы Роналдо кеше өзiнiң үлкен футболдан кететiнiн мәлiмдедi. 1976 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында дүниеге келген Луис Назарио де Лима (футболшының толық есiмi) үлкен футболдан кетуiнiң мәнiсiн жарақатының мазалағанымен байланыстырады.

Әлемнiң екi дүркiн чемпионы атанған футболшы 2008 жылы Бразилияның “Корин­тианс” клубына келген болатын. Алғаш рет аяқдоп әлiп­песiн 1986 жылы Бразилияның “Теннис Клуб Валкейре” футзал клубында бастаған Роналдо 1989 жылы үлкен футболға аяқ басты. 17 жасында Бразилияның “Крузейро” клубының намысын қорғаған атақты футболшы бiр маусымда 34 доп (34 ойында) соғып, футбол мамандарының көзiне бiрден түстi. Мұндай футболшыны еуропалық клубтар көзден таса қыла ма?! Роналдо “Крузейрода” бiр жыл ойнағаннан кейiн оны Голландияның ПСВ клубы 5 миллион фунт стерлингке сатып алды. Дәл осы клубта Роналдоның жұлдызды кезеңi бас­талды. Голландиялық клубта екi жыл қатарынан өнер көрсеткен бразилиялық шабуылшы ПСВ жейдесiн 46 мәрте киiп, қарсыластарының қақпасына 42 доп соқты. 1996/97 жылғы маусымда Роналдо Испанияның “Барселонасында” жасындай жар­қылдады. Ол каталониялық клубта бiр жыл ғана өнер көр­сет­кенiне қарамастан, 37 ойында 34 доп соғып, Испания премьер-лигасының үздiк шабуылшысы атанды. Роналдоның “Еуропаның ең үздiк ойыншысы” атанғаны да осы кез. Бұдан кейiн бразилиялық ойыншы Италияның “Интерiнде” бес жыл, Мадридтiң “Реалында” тағы бес жыл өз өнерiн көрсеттi. 2008 жылы өз Отанына оралмас бұрын Роналдо Италияның “Миланында” ойнады.
Бразилияның аты аңызға айналған футболшысы өзiнiң кәсiби карьерасында жетi команданың жейдесiн киiп, 280 голдың авторы атанды. Бразилия құрамасында Роналдо 97 ойын өткiзiп, 62 гол соқты.
Роналдо әлемнiң екi дүркiн чемпионы ғана емес, күмiс жүлдегерi де. 1994 жылы АҚШ-та өткен әлем бiрiншiлiгiнде Роналдо Бразилия құрамасының сапында болды. Бiрақ бра­зилия­лықтардың сол кездегi бас бапкерi Карлос Алберто Паррейро “қасқатiстi” (лақап аты) алаңға бiр минутқа да шығар­ған жоқ.
1998 жылы Францияда өткен әлем бiрiншiлiгiнде Роналдо Бразилия футболшыларын финалға дейiн “сүйреп келдi”. Алайда Франциямен болған финалдық кездесуде француз қорғаушылары Роналдоны “тұсап” ұстады. Нәтижесiнде Бразилия құрамасы француздардан оңбай таяқ жеп (0:3), үйлерiне күмiс медальмен қайт­ты.
2002 жылы Оңтүстiк Корея мен Жапонияда өткен әлемдiк додада Роналдоның екiншi тынысы ашылғандай болды. Дәл сол жылы Роналдоның әлем бiрiншiлiгiне бару-бармауы екiталай едi. Өйткенi Италияның “Интерiнде” ойнап жүрген футболшы аяғынан қатты жарақат алып, операция төсегiне таңылды. 2002 жылдың көктемiн­де А сериясының төрт ойынын ғана өткiздi демесеңiз, Роналдо бiр жарым жылдай алаңға шыққан жоқ. Десек те, Бразилияның сол кездегi бас бапкерi Луис Фелипе Сколари Роналдоны 23 футболшының тiзiмiне қосып, Азия құрлығында өткен әлем бiрiншi­лiгiне ала кеттi. Роналдо сол әлем бiрiншi­лiгiнде бас бапкердiң ғана емес, бүкiл Бразилия халқының сенiмiн ақтады. Түркиямен болған тұсаукесер ойында Роналдо жеңiс добын соқты. Германиямен болған финалдық кездесуде “қасқатiстiң” қалай құлпырғанын жанкүйер қауым әлi ұмыта қойған жоқ шығар, сiрә. Оливер Кан сынды әлемнiң үздiк қақпашысына екi мәрте доп соққан Роналдо әлем бiрiншi­лiгiнiң бас қаһарманына айналып шыға келдi. Дода қорытындысы бойынша, сегiз доп соққан бразилиялық сұрмерген үздiк шабуылшы атағына да ие болды.
Роналдо – әлем бiрiншiлi­гiнiң тарихында ең көп доп соққан ойыншы – 15 доп. 2002 жыл­ғы әлем бiрiншiлiгiнде ол голдар санын он екiге жеткiздi. Ал 2006 жылғы Германияда өткен дүниежүзiлiк додада тағы 3 доп соғып, атақты немiс шабуылшысы Герд Мюллердiң рекордына түзету енгiздi. 1966-74 жылдар аралығында немiстердiң намысын қорғаған Г.Мюллер әлемдiк додада 14 доп соққан-ды.
Роналдо – 1996, 1997 және 2002 жылдың ең үздiк футболшысы. Америка кубогында екi мәрте топ жарып, бiр рет күмiс медальдi еншiледi. 1997 жылы Конфедерация кубогын жеңiп алды. 1996 жылы Бразилияның олимпиялық құрамасында өнер көрсетiп, қола жүлдеге қол жеткiздi.

 Төлеубек Әдiлбекұлы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар