1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №11 (15573) 10 ақпан, бейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
10 ақпан 2011
Рекордшы Роналду

Мадридтiң “Реал” клубының жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду өткен аптада корольдiк клубтың тарихына түзету енгiздi. 2009 жылдың жаз айында “Реал” клубының жей­десiн киген португалдық футболшы осы уақытқа дейiн алаңға 51 рет шығып, қарсылас­тардың қақпасына 50 доп соқ­ты. Бұл – “Реал” тарихындағы рекордтық көрсеткiш.

Мадридтiк клубтың тарихына үңiлер болсақ, Венгрияның аты аңызға айналған футболшысы Ференц Пушкаш 50-iншi допты 54-ойында соққан. Демек, Криштиану Роналду Пушкаштың рекордтық көрсеткiшi­нен де асып түстi.
Жозе Моуриньюдiң қол астында жаттығатын “Реал” клубы испан премьер-лигасында Каталонияның “Барселонасынан” жетi ұпайға қалып, турнир кестесiнде екiншi келедi. Мергендер көшiн Криштиану Роналду мен аргентиналық Лионель Месси бастап келедi. Қос футболшының қоржынында 24 доптан бар.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар