1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №11 (15573) 10 ақпан, бейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
10 ақпан 2011
Қапияда қаза болды

Өткен аптада, дәлiрек айтсақ 5 ақпан күнi дзюдодан Қазақстанның әйелдер құрамасының аға жаттықтырушысы Қанат Байшолақов қаза тапты.

Қанат Байшолақовтың қазақ елiнен самбо бойынша шыққан тұңғыш әлем чемпионы екенiн бiреу бiлсе, бiреу бiле бермес. Сексенiншi жылдардың ортасында самбоны серiк еткен Қ.Байшолақов Диқанбай Биткөзов, Марат Жақитов сынды бiлiктi бап­керлердiң қол астында жаттықты. 1984 жылы Испанияда өткен бүкiләлемдiк жа­рыс­та 48 келi салмақта чемпион атанды. Арада үш жыл өт­кенде Еуропа шыңында ат ойнатты.
5 ақпан күнгi қаралы хабар қазақ жұртына тез-ақ тарап кеттi. Оқиға былай болған. Дәл сол күнi Қарағанды мен Жаңарқа қалаларының арасында боран түтеп тұрған. Өз машинасымен келе жатқан Қанат Байшолақов жолда қарға көмiл­ген машинаның жүгiзушiсiне көмектесудi жөн көрiп, өз көлiгiнен түседi. Сөйтедi де, жолда келе жатқан КамАЗ автокөлiгiн тоқтатуға ұмтылады. Алайда КамАЗ жүр­гiзушiсi ақ түтек бораннан ештеңенi байқай алмайды. Осылайша, әйгiлi палуан Кам­АЗ бен жол бойында тұрған көлiктiң арасына қысылып қалады. Әйгiлi палуанның өмiрiн құтқарып қалу мүмкiн болмады. Қанат Байшолақов ауруханаға бара жатқан жерiнде жан тәсiлiм еттi.
Қанат Байшолақовты ақ­тық сапарға шығарып салу рәсiмi палуанның туған жерi Жаңаарқа қаласында өттi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар