1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4-5 (15566-67) 20 қаңтар, бейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
20 қаңтар 2011
Ендi он күннен кейiн...

Ендi тура он күннен кейiн Астанада қысқы Азия ойындарының алауы тұтанады. 1986 жылдан берi бастау алған құрлықтық дода биыл Алматы мен Астана қалаларында же­тiншi рет ұйымдастырылғалы отыр. 30 қаңтар күнi Астананың “Астана-Арена” стадионында тұсауы кесiлетiн жарысқа Азия­ның 27 елiнен 1134 спортшы қатысады. Азия ойындарында спорттың 11 түрi қамтылған. Осы аптаның басында Қазақстан Туризм және спорт министрлiгi, Спорт комитетiнiң басшылары Ақ Азиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылардың тiзiмiн жариялады. Спорттық делегация құрамында барлығы 251 адам бар. Оның 168-i спорттың 11 түрiнен ел намысын қорғайтын саңлақтарымыз.

Ұлттық құраманың сапына қосылған спортшыларымыздың тiзiмiне көз жүгiртер болсақ, облыс бойынша ең көп спортшы Шығыс Қазақстан облысынан қатысқалы отыр. Одан кейiнгi кезекте Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан облыстары тұр.
ҚР туризм және спорт министрiлiгiнiң хабарлауынша, биыл Азия ойындарында жеңiмпаз бен жүлдегер атанған отандастарымызға берiлетiн сыйақының мөлшерi айтарлықтай өсiптi. Мәселен, Азия ойындарының чемпионы атанған спортшылар 10 000 АҚШ долларына ие болса, күмiс жүлдеге қол жеткiзген елiмiздiң спортшыларына 5000 АҚШ долларынан үлестiрiледi. Қола медаль алған спортшылар 3000 АҚШ долларына ие болады. Бұл ретте спортшылардың жаттықтырушылары да құр қалмайды. Азия ойындарының жеңiмпазы атанған спортшының жаттықтырушысы 5000 АҚШ долларына ие болса, күмiс жүлде алған спортшының жаттықтырушысына 3000 АҚШ долларынан, ал қола жүлде алған спортшының жаттықтырушысына 2000 АҚШ долларынан сыйақы берiледi.
Бiз бүгiн оқырмандар назарына биатлон, тау шаңғысы, фристайл, мәнерлеп сырғанау және шорт-трек спортынан ел намысын қорғайтын спортшылардың тiзiмiн жариялап отырмыз. Газетiмiздiң келесi санында шаңғы жарысы, коньки спорты, шаңғымен трамплиннен секiру, спорттық бағдарлау, допты хоккей және шайбалы хоккейден (ерлер және әйелдер) сынға түсетiн спортшылардың тiзiмiн жариялайтын боламыз.
 
БИАТЛОН
1. Диас Кенешев (Ақмола обл);
2. Александр Червяков (Ақмола обл);
3. Ян Савицкий (ШҚО);
4. Александр Трифонов (ШҚО);
5. Николай Брайченко (Ақмола обл);
6. Сергей Наумик (ШҚО);
7. Елена Хрусталева (Алматы обл);
8. Анна Лебедева (Ақмола обл);
9. Марина Лебедева (Ақмола обл);
10. Ольга Полторанина (ШҚО);
11. Инна Можевитина (ШҚО);
12. Галина Окольздаева (Ақмола обл);
Бас бапкер – Александр Ткачук.
 
ТАУ ШАҢҒЫСЫ СПОРТЫ
1. Дмитрий Кошкин (Алматы);
2. Алексей Тельминов (Алматы);
3. Павел Черниченко (Алматы);
4. Игорь Закурдаев (ШҚО);
5. Тарас Пименов (ШҚО);
6. Екатерина Черепанова (Алматы);
7. Мария Анташкевич (ШҚО);
8. Людмила Федотова (Алматы);
Бас бапкер – Сергей Чаадаев.
 
ФРИСТАЙЛ (МОГУЛ)
1. Дмитрий Рейхерд (ШҚО);
2. Дмитрий Бармашов (ШҚО);
3. Андрей Соколов (ШҚО);
4. Дарья Рыбалова (ШҚО);
5. Юлия Галышева (ШҚО);
6. Юлия Родионова (ШҚО);
Бас бапкер – Виктор Лемешко.
 
МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУ
1. Абзал Рақымғалиев (Алматы обл);
2. Денис Тен (Алматы);
3. Виктор Адонев (БҚО);
4. Кристина Прилепко (Алматы);
5. Марина Шишкина (Алматы);
6. Виктория Кучеренко (БҚО);
7. Екатерина Малюк (Астана);
8. Владимир Руди (Астана);
Бас бапкер – Құралай Узурова.
 
ФРИСТАЙЛ (АКРОБАТИКА)
1. Гүлмира Дәлмұқан (ОҚО);
2. Жiбек Арапбаева (ОҚО);
3. Ақмаржан Қалмұрзаева (ОҚО);
4. Руслан Аблятифов (ОҚО);
5. Юрий Хохлов (ОҚО);
6. Сергей Берестовский (Павлодар);
Бас бапкер – Мурат Аблятифов.
 
ШОРТ – ТРЕК
1. Айдар Бекжанов (БҚО);
2. Артур Сұлтанғалиев (БҚО);
3. Нұрберген Жұмағазиев (БҚО);
4. Абзал Ажғалиев (БҚО);
5. Федор Андреев (Қостанай);
6. Инна Симонова (БҚО);
7. Ксения Мотова (БҚО);
8. Дарья Волокитина (Қостанай);
9. Анастасия Кузнецова (Қостанай);
10. Анна Самарина (Қостанай);
Бас бапкер – Қарсыбеков Мәдiқали.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар