1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4-5 (15566-67) 20 қаңтар, бейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
20 қаңтар 2011
Жұлдыз Ишимова: Әкем – қазақ, шешем – қырғыз...

Жұлдыз Ишимова, әйелдер күресiнен Азия чемпионы, әлем бiрiншiлiгiнiң күмiс жүлдегерi:

Қазақстан Республикасының әйелдер еркiн күресi тарихына көз жүгiртер болсақ, көш басында “Халықаралық спорт шеберi” атағын ең алғашқы болып алған палуан қыздарымыз Жұлдыз Ишимова мен Елена Шалыгина екен. Бiр өкiнiштiсi, осы Қазақ елiнiң намысын жыртып жүрген екi палуанымыз да – өзге елдiң өкiлдерi. Дегенмен, Қазақстан азаматтығын алып, елiмiздiң намысын қорғап, көк байрағымызды көкке көтерiп жүрген осындай қыздарымызға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Бiз бүгiн оқырмандар назарына 2010 жылғы ел чемпионы, әлем бiрiншiлiгiнiң күмiс жүлдегерi Жұлдыз Ишимовамен болған сұхбатты ұсынып отырмыз.
 
Қазақстан Республикасының әйелдер еркiн күресi тарихына көз жүгiртер болсақ, көш басында “Халықаралық спорт шеберi” атағын ең алғашқы болып алған палуан қыздарымыз Жұлдыз Ишимова мен Елена Шалыгина екен. Бiр өкiнiштiсi, осы Қазақ елiнiң намысын жыртып жүрген екi палуанымыз да – өзге елдiң өкiлдерi. Дегенмен, Қазақстан азаматтығын алып, елiмiздiң намысын қорғап, көк байрағымызды көкке көтерiп жүрген осындай қыздарымызға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Бiз бүгiн оқырмандар назарына 2010 жылғы ел чемпионы, әлем бiрiншiлiгiнiң күмiс жүлдегерi Жұлдыз Ишимовамен болған сұхбатты ұсынып отырмыз.
             Мен Қырғызстан Республикасы, Талас облысы, Чоң Қара-Бура елдiмекенiнде туып өстiм, – дейдi Ж.Ишимова. – 1988 жылдың 2 қаңтарында қарапайым отбасында дүниеге келдiм. Үйде төрт қыз, екi ұл, барлығы алты баламыз. Соның iшiнде спортпен айналысқан жал­ғыз мен ғана.
             Күреске қалай келдiң?
             Бiздiң үй мектепке жақын болатын. Ес бiлгеннен берi мектептiң ауласында балалармен бiрге доп қуалап өстiм. Он жасымда мектептiң iшiндегi спорт залда күреспен айналысқан ер балаларға қызыға қарап тұратынмын. Бiр күнi сол залда жүрген бапкерге күреске келуге өтiнiш бiлдiрiп едiм, қарсы болмады. Бiрақ ол кезде Қырғызстанда еркiн күреске, оның iшiнде әйелдер күресiне онша ден қоймайтын. 2003 жылы Қазақстанның Тараз қаласында жасөспiрiм балалар арасында халықаралық турнир өттi. Қызбала болсам да, сол турнирде мен ұлдармен белдестiм. Күрестiң қыр-сырын дұрыс меңгермеген маған ұлдармен күресу қиынға соқты. Менiң күреске шындап ден қоя бастағаныма көзi жеткен Манас ағам маған көңiл бөлiп, жеке дайындық жұмысын жүргiздi. Соның арқасында 2004 жылы Бiшкек қаласында жасөс­пiрiм­дер арасында өткен Қырғызстан бiрiн­шiлiгiнде чемпион атандым. Жарыс аяқталғаннан кейiн Қырғызстанның бас бапкерi Эдуард Владимирович менi Бiшкек қаласында алып қалып, жасөспiрiмдер арасындағы Азия бiрiншiлiгiне дайындады. Сол жылы Азия бiрiншi­лiгiнде 49 келi салмақта күресiп, чемпион атандым. Азия құрлығында 49 келi салмақта маған тең келер қарсылас болмады. Оған дейiн жасөспiрiмдер арасында Қырғызстаннан ешқандай палуан Азия чемпионы атанбаған екен.
             Қазақстанның атынан жарыс­қа шығуыңа не себеп болды? Кейбiр ақпараттарға сүйенер болсақ “сенi Қазақстан азаматына тұрмысқа шығыпты, сондықтан Ишимова деген тегiне Төртбаеваны қоса жазып жүр дейдi. Осыған не айтасыз?
             Алдына үлкен мақсат қой­ған қандай да бiр спортшы болашағына көз жүгiртiп өз болжамын жасайды. Жастайымнан жеңiстiң тәттi дәмiн татқан және күрестi жаныма серiк еткен мен үшiн алдымда таңдауы қиын екi жол тұрды. Бiрiншiсi өзiмнiң туған елiм және өмiрiме жолдама берген Қырғызстанда қалу болса, екiншiсi, спорттық беделiмнiң өсуi үшiн спорт саласы жақсы дамыған басқа мемлекеттiң атынан жа­рыс­қа шығып, шеберлiгiмдi жетiлдiру болды. Әлемдiк деңгейде спортшылардың келiсiмшарт арқылы басқа мем­лекеттердiң атынан жарысқа шығуы заңды құбылыс. Оның үстiне Қырғызстанда iшкi және сыртқы сая­саттың шиеленiсiп кетуiне байланысты әлемдiк жарыстарға шығуға мүмкiн­дiк болмады. Осындай жолдың екi айырылар жиегiнде тұрғанда Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкерi Саржан Жақсыбеков пен Қырғызстан құрама командасының бас бапкерi Эдуард Вла­димирович­тiң арасында келiсiм өз шешiмiн тауып, соңғы сөз маған қалғанда, әкемнiң бiр ауыз сөзiмен Қазақстанның намысын қорғауға келiсiмiмдi бердiм. Осылайша, 2006 жылдың екiншi жартысынан бастап Қазақстан атынан жарысқа шығып жүрмiн. Ал Төртбаева деген менiң екiншi тегiме келетiн болсақ, Қазақстан азаматтығын алу үшiн арнайы тұрмысқа шықпасам да Төртбаев деген азаматпен некеге тұруға тура келдi. Бiрақ, қазiр Қазақстан құрамасының бас бапкерi Саржан ағаның үйiнде тұрып жатырмын.
             Спортта қуаныш пен өкiнiштiң қатар жүретiнi – өмiр заңдылығы. Кейбiр сәтсiздiктердi басыңнан өткiзгенде қандай көңiл күйде боласың?
             Жарыс сайын бiрiншi болып, немесе алдыңғы үштiкте жүргенге адам үйренiп қалады екен. 2005 жылы Венгрияның Будапешт қаласында жастар арасындағы әлем чемпионатында 51 келi салмақта үшiншi орын алдым. 2006 жылы Гватемалладағы жастар арасындағы Әлем чемпионатында тағы да үшiншi орыннан көрiндiм. 2007 жылы Бiшкек қаласында ересектер арасында өткен Азия чемпионатында 51 келi салмақта бiрiншi орын алып, асығым алшысынан түстi. Жеңiлген кезде, әрине, қатты өкiнген сәттерiм болды. Сондай өкiнiштердiң бiрi өткен жылы Гуанчжоуда болды. Өкiнiшке қарай, Азия ойындарында оңбай сүрiндiм. Өкiнiштен өзегiм өртенiп маған сенiм артқан қалың жанкүйерлердiң алдында жерге кiргендей болдым. Шерге толған өксiгiмдi баса алмай үш күн бойы көзiмнен жас тыйылмады. Ең қиы­ны, елге келгенде ешкiмдi көргiм келмедi, шынын айтсам, жұрттың бәрi маған күлiп қарап тұрғандай болды. Өйткенi сол жарысқа 72 келi салмақта сынға түскен Гузель Манюрова екумiз өз салмақ дәрежемiз­де Азияның чемпионы ретiнде қатыстық және орын алатынымызға сенiмдi болып едiк. Дегенмен, жеңiлдiм екен деп қолымды бiр-ақ сiлтеу менiң табиғатыма жат. Қателiк жiберген кездерiмдi бапкерiм екеумiз талқыға салып, келесi жолы қайталамауға тырысамын.
             Спорттық жолыңа қарап тұрсақ, осы уақытқа дейiн үш салмақта (48, 51, 54) күресiпсiң. Тұрақты салмағың қайсы?
             Қазақстанның әйелдер құрамасында сiз атаған үш салмақта да мықты спортшылар бар. Мәселен, 48 келi салмақта халықаралық дәреже­дегi спорт шеберi, жастар арасындағы әлем чемпионы Элеонора Әбута­лiпова болса, 51 келi салмақта Халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, Азия чемпионы Бейжiң Олимпиадасында 5-орын алған Татьяна Бакатюк бар. Сондай-ақ 51 және 55 келi салмақта күресiп жүрген жастар арасындағы әлем чемпио­натының күмiс жүл­дегерi Зульфия Яхьярова да мықты палуан. Бұған 55 келiдегi Азия ойындарының қола жүлдегерi Айым Әбiлдина­ны қосыңыз. Менiң өз салмағыма келетiн болсам, бiздiң қай салмақта белдесетiнiмiздi бас бапкер Саржан Бектемiрұлы шешедi. Дегенмен, көптеген жарыста өзiмнiң табиғи салмағым 51-55 келiде шығып жүрмiн. Өйткенi 48 келiге шығу үшiн салмақ қуу керек. Ал салмақ қуу кейде денсаулыққа да керi әсерiн тигiзедi.
             Кейбiр спортшылар “ең алдымен өз елiңнiң патриоты болу керек” деген қағиданы ұстанып жатады. Осы жағынан келгенде сенiң Қазақстанға деген патриоттық сезiмiң қаншалықты? Әлде шетелден келген спортшылар сияқты алдыңғы қатарда қаржы мәселесi тұра ма?
             Бұл сұрақты мен өзiме жиi қоямын да, өзiмдi-өзiм алдамауға тырысып, жауап iздеймiн. Әзiрге қай елдiң нағыз патриоты екенiмдi өзiм де бiлмеймiн. Өйткенi патриот болу үшiн өз елiмдi шындап сүюiм керек. Қазақстанға келген төрт жылдың iшiнде санамның өзгергенi соншалық, мен кейде өзiмнiң не қырғыз, не қазақ екенiмдi бiлмей қаламын. Өйткенi Қырғызстанға барсам, нағыз қырғыздың қызы боп шыға келем. Ал Қазақстанда жүрсем, өзiмдi қазақтың қарапайым қызымын деп санаймын. Кейде әкем айтып отырады, “Қазақстанда қал, сол жақта қазақтың жiгiтiне тұрмысқа шық” деп. Әкемнiң айтқаны дұрыс та шығар... Мен­ сiзге өзiмнiң құпиямды ашайын. Жалпы, менiң әкем – таза қазақ. Руы – Дулат. Оның iшiнде Жаныс. Ал анам – қырғыздың қызы. Қырғызстанның Талас облысында туып өскендiктен өзiмiздi қырғыз санап кеткенбiз. Мiне, мендегi бар құпия осы ғана. Бұдан кейiн оқырман қауым менi “қырғыз” деп атай ма, әлде “қазақ” дей ме, өз ерiктерi. Ал менiң бiлетiнiм – өз iсiме адал екендiгiм, бойымдағы бар күш-қуатымды Қазақстан спортының өсiп-өркендеуiне және биiктен көрiнуiне қолымнан келгенше атсалысамын. Ол қасиет маған, мүмкiн, әкемнен жұққан болар, өйткенi Қырғыз жерiнде туып-өскенiне қарамай әкем қазақ екенiн ешқашан ұмытқан жоқ және ұмытпақ та емес.
             2012 жылы Лондонда Олим­пиа­да ойындары өтедi. Бұл жарысқа қатысуға қаншалықты мүмкiндiгiң бар?
             Алдын ала болжам жасай алмаймын. Өйткенi 2008 жылғы Бейжiң Олимпиадасына 48 келi салмақта баратын бiрiншi нөмiрлi спортшы мен болатынмын. Алайда екi бiрдей лицензиялық жарыста жолым болмады. Сөйтiп, ең соңғы мүмкiн­дiктi Татьяна Бакатюк иелендi. Биыл Олимпиада ойындарына жолдама берiлетiн бiрнеше жарыстар бар. Солардан сүрiнбей өтсек, жолымыздың болғаны. Менiң салмағымда мықты палуандардың барын сөзiмнiң ба­сын­да айтып өттiм. Қайсысымыздың Олимпиадаға жолымыз болатынын бiр Құдайдың өзi бiледi. Ең бастысы, жарыс жолында жарақат алып қалмасақ болғаны.
             Әңгiмеңiзге рақмет!
 
Әңгiмелескен Ә.Марғұлан.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар