1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4-5 (15566-67) 20 қаңтар, бейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
20 қаңтар 2011
«Тобыл» тоқтады

Қостанайдың “Тобыл” футбол клубы Ресейдiң Санкт-Петербор қаласында өтiп жатқан Достастық кубогы жолындағы жарысын тәмамдады. Топтық бәсекенiң 3-турында Риганың “Сконтосымен” жасыл алаңға шыққан қостанайлық футболшылар қарсыластарынан 0:3 есебiмен жеңiлiп қалды. “Тобылмен” бiр топқа түскен Арменияның “Микасы” мен Өзбекстанның “Бунедкоры” арасындағы кездесуде армян клубы 2:1 есебiмен жеңiске жеттi. Егер “Мика” мен “Бунедкор” арасындағы ойын тең аяқталғанда, “Тобыл” өз тобынан екiншi орын алса да шығатын едi. Алайда “Мика” “Бунедкордың” жас футболшыларынан айласын асырып, керектi ұпайына қол жеткiздi. Риганың “Сконтосы” В тобынан қара үзiп шығып, ширек финалға жолдама алды. Сондай-ақ, үздiк сегiз­дiкке “Мика” футболшылары да қосылды.

Достастық кубогының басқа да ойындарына келер болсақ, А тобынан Әзiрбай­жанның “Интерi” мен Тәжiк­станның “Истиклол” клубтары озып шықты. “Шахтер” (Беларусь), “Зенит” (Ресей), “ХИК” (Финляндия) және “Динамо” (Украина) командалары жарыстың келесi кезеңiне өттi.
Кеше кешкiсiн ширек финалдық кездесулер ойналды. Онда “Интер” – “Мика”, “Сконто” – “Истиклол”, “Шахтер” – “Динамо” және “ХИК” – “Зенит” клубтары кездестi. Жартылай финалдық кездесулер ертең өтедi. Достастық кубогының жеңiм­пазы 23 қаңтар күнi анықталады.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар