1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (15565) 18 қаңтар, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
18 қаңтар 2011
Армян футболшыларымен ұпай бөлiстi

Сенбi күнi Ресейдiң Санкт-Петербор қаласында футболдан Достастық кубогы басталды. Жыл сайын өтетiн дәстүрлi турнирде биыл Қостанайдың “Тобылы” бақ сынауда.

В тобында өнер көрсетiп жат­қан “Тобыл” жарыстың бiрiншi күнi Өзбекстанның “Бунедкор” клубымен алаңға шығып, 2:1 есебiмен жеңiске жеттi. Бұл ойында Мирджалол Қасымов баптайтын “Бунедкор” алаңға негiзiнен жас футболшыларды шығарды. М.Қасымовтың не себептi жастарға сенiм артқанын түсiну қиын емес. Қазiргi таңда “Бунедкордың” бiрнеше футболшысы Өзбекстан құрамасының сапында Азия кубогына қатысуда.
Арменияның “Мика” клубымен өткен екiншi ойында “Тобыл” футболшылары тең түстi. Кездесудiң 73-минутына дейiн 1:2 есебiмен ұтылып жатқан қостанайлықтар Сергей Волковтың көмегiмен таразы басын теңестiрдi. Бүгiн Равиль Сабитовтың командасы Риганың “Сконтосымен” ойнайды.
 
Достастық кубогының нәтижелерi төмендегiдей:
1-тур.
А тобы
“Интер” (Әзiрбайжан) – “Нефтчи” (Қырғызстан) – 3:0;
“Искра-Сталь” (Молдова) – “Истиклол” (Тәжiкстан) – 1:1.
В тобы
“Тобыл” (Қостанай) – “Бунедкор” (Өзбекстан) – 2:1 (Богданов, 6-минутта, Рашкович, 16-минутта – Солиев, 26-минутта);
“Мика” (Армения) – “Сконто” (Латвия) – 0:2.
С тобы
“Шахтер” (Беларусь) – “Небитчи” (Түрiкменстан) – 2:1;
“Зенит” (Ресей) – “Флора” (Эстония) – 1:0;
Д тобы
“ХИК” (Финляндия) – “Динамо” (Украина) – 1:0;
Ресейдiң жастар құрамасы – “Экранас” (Литва) – 4:2.
2-тур.
А тобы
“Интер” – “Истиклол” – 3:0;
“Искра-Сталь” – “Нефтчи” – 1:0;
В тобы
“Тобыл” – “Мика” – 2:2 (Юрин, 52-минутта, Волков, 73-минутта – Бегларян, 24-минутта, Демел, 60-минутта);
“Бунедкор” – “Сконто” – 1:1;
С тобы
“Зенит” – “Шахтер” – 1:1;
“Небитчи” – “Флора” – 0:3.
Д тобы
“Динамо” – “Экранас” – 1:1;
Ресейдiң жастар құрамасы – “ХИК” – 1:0.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар