1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (15565) 18 қаңтар, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
18 қаңтар 2011
Қанат қарсыласын сұлатып салды

Бүкiләлемдiк бокс сериясының кестесiне сәйкес өткен аптада “Астана арландары” клубы Оңтүстiк Кореяның “Инчхон” командасының былғары қолғап шеберлерiмен кездесiп, iрi есеппен жеңiске жеттi: 5:0.

54 келiде “араландардың” намысын қорғаған Қанат Әбутәлiпов “Инчхон” клубының мүшесi, поляк Лукаш Мащукты ұпай санымен жеңдi. 61 келiде шаршы алаңға шыққан Мерей Ақшаловтың да мерейi үстем болды. Астаналық боксшы кәрiс командасында өнер көрсететiн өзбекстандық легионер Бахадүржан Сұлтановты ұтты. Бұл жекпе-жекте қапталдағы үш төрешi де Мерейдiң басым бол­ғанын мойындады.
“Астана арландары” клубының бас бапкерi Бейбiт Есжанов 73 келi салмаққа Қытайдан келген қандасымыз Қанат Исламды (суретте оң жақта) қосыпты. Қанат Дүниежүзiлiк бокс сериясындағы алғашқы жекпе-жегiн өте жоғары деңгейде өткiздi. “Инчхон” клубының намысын қорғайтын Андраник Акабянмен жұдырықтасқан Қанат қарсыласын екiншi раундтың ортасында нокдаунға жiберсе, арада көп уақыт өтпей жатып армян боксшысын есiнен тандырып, жекпе-жектi мерзiмiнен бұрын аяқтады.
85 және 91 келiден жоғары салмақта “Астана арландары” клубына екi бiрдей өзбек боксшысы қосылған екен. Тұсаукесер жекпе-жектерiн өткiзген екi боксшы да “арландардың” жеңiстi жолын жалғастырды. 85 келiде жұдырықтасқан Рамжон Ахмедов өзiнiң отандасы, “Инчхон” клубының мүшесi Ахрорбек Құрбановты ұтса, 91 келiден жоғары салмақтағы Сардор Абдуллаев кәрiс Чоуаиб Булудинатсты жеңдi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар