1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №2 (15564) 13 қаңтар, бейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
13 қаңтар 2011
Азия чемпиондары ұтылып қалды

Өткен аптада Катарда футболдан Азия кубогы жолындағы жарыс басталды. Сары құрлықтың он алты үздiк командасы жиналған дүбiрлi дода 29 қаңтарда мәресiне жетедi.

Азия кубогы биыл он бесiншi рет өткiзiлiп отыр. Iрiктеу ойындарында жолы болған он алты команда төрт-төрттен төрт топқа бөлiнген. Ойындар Катардың Доха және Ар-Райян қалаларында өтуде.
Катар елi 2022 жылы футболдан әлем бiрiншiлiгiн өткiзетiн ел ретiнде танылғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Содан да болар, биылғы Азия кубогына келу­шiлердiң саны көптеп саналады. Тек Азия мемлекеттерiнiң футбол мамандары ғана емес, бүкiл­әлемнiң майталман мамандары, БАҚ өкiлдерi Катардың қос қаласына жиналған.
 Азия кубогының ашылу салтанатында алаң иелерi мен Өзбекстан құрамалары кездестi. А тобында жолдары түйiскен бұл екi команданың арасындағы ойын өзбек футболшыларының жеңiсiмен аяқталды: 2:0. А тобындағы тағы бiр кездесуде Қытай құрамасы дәл осындай есеппен Кувейттi ұтты.
В тобында Жапония, Сирия, Сауд Арабиясы және Иордания футболшылары күш сынасуда. Бiр қарағанда, бұл топтан Жапония мен Сауд Арабиясы футболшыларының аты озатындай. Алайда Сирия мен Иордания командалары да Катар жерiне жай келмегендiктерiн дәлелдедi. Иордания футболшылары тұсаукесер кездесуiнде Азияның үш дүркiн чемпионы Жапониямен тең түстi. Кездесудiң 45 минутында есеп ашқан иорданиялықтар жеңiске өте жақын тұр едi. Бiрақ күншығыс елiнiң аяқдопшылары ойынның негiзгi уақыты аяқталып, төрешi қосқан қо­сым­ша үш минутта таразы басын теңестiрiп кеттi: 1:1.
Сауд Арабиясы мен Сирия футболшыларының арасындағы ойында да жанкүйерлер күтпеген жағдай болды. Жапония сияқ­ты Сауд Арбаиясы да Азияның үш дүркiн чемпионы. Алайда саударабиялықтар да Сирия футболшыларына қарсы төтеп бере алмады: 1:2.
Д тобындағы командалардың арасындағы ойындар да тартысты өттi. 2007 жылғы Азия кубогының жеңiмпазы атанған Ирак құрама командасы Иран футболшыларымен кездескен едi. Бұл ойында ирандықтар 2:1 есебiмен қазiргi Азия чемпиондарынан айласын асырды. Солтүстiк Корея мен Бiрiккен Араб Әмiрлiгi арасындағы ойында есеп ашылған жоқ: 0:0. Бiр айта кетергiлi, ойынның 8-минутында солтүс­тiккореялық шаб­уылшы Хон Ен Чо он бiр метрлiк айып добын орындай алмады.
 
Азия кубогында командалар төрт топқа бөлiнген
А тобы: Катар, Өзбекстан, Қытай, Кувейт;
В тобы: Жапония, Иордания, Сауд Арабиясы, Сирия;
С тобы: Үндiстан, Австралия, Оңтүстiк Корея, Бахрейн;
Д тобы: Иран, Ирак, Сол­түстiк Корея, Бiрiккен Араб Әмiрлiгi.
 
1-турдың нәтижелерi төмендегiдей:
Катар – Өзбекстан – 0:2;
Қытай – Кувейт – 2:0;
Жапония – Иордания – 1:1;
Сауд Арабиясы – Сирия – 1:2;
Үндiстан – Австралия – 0:4;
Оңт.Корея – Бахрейн – 2:1;
Иран – Ирак – 2:1;
Солт.Корея – БАӘ – 0:0.
 
СIЗ БIЛЕСIЗ БЕ?
·               Футболдан Азия кубогы 1956 жылдан бастап сарапқа салынып келедi.
·               Алғашқы Азия кубогының жеңiмпазы – Оңтүстiк Корея футболшылары.
·               Иран, Сауд Арабиясы және Жапония командалары – Азия кубогының үш дүркiн жеңiмпаздары.
·               Осыдан төрт жыл бұрын Азия кубогы Вьетнам, Тайланд, Индонезия және Малайзия елiнде өттi. Төрт ел бiрiгiп өткiзген додада тұңғыш рет Ирак футболшылары чемпион атанды.
·               Азия кубогын жалпы саны жетi елдiң құрама командалары жеңiп алды. 1964 жылы Азия кубогы Израиль футболшыларының еншiсiне тидi. 1994 жылы Израиль мен араб мемлекеттерiнiң арасындағы қақтығысқа байланысты УЕФА басшылары Израильдi өз қоластыларына алды. Содан бастап Израиль футболшылары Азияда емес, Еуропада доп теуiп жүр.
·               Оңтүстiк Корея құрамасы Азия кубогында ең көп жүлдеге қол жеткiзген команда. Олар 2 рет Азия чемпионы, 3 рет күмiс жүлдегер атанды. 3 мәрте Азия кубогының қола жүлдесiн жеңiп алды.
·               Иран мен Жапония құрамалары финалдық ойында мүлде жеңiлмеген командалар. Екеуi де үш-үштен финалға шығып, барлығында жеңiске жеттi.
2015 жылы Азия кубогын Автралия елi өткiзедi. Австралия футбол федерациясы 2006 жылдан бастап Азия футбол конфедерациясының мүшесi саналады.
 
Төлеубек ӘДIЛБЕКҰЛЫ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар