1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №1 (15563) 11 қаңтар, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
11 қаңтар 2011
«Арландар» қарымта қайтара алмады

Елiмiздiң “Астана арландары” кәсiпқой бокс клубы өткен сенбi күнi кезектi жекпе-жектерiн Бакуде өткiзiп қайтты. Өкiнiшке қарай, Бейбiт Есжанов жетекшiлiк ететiн “арландар” әзiрбайжан клубынан 2:3 есебiмен жеңiлiп қалды.

Бакудың “Baku Fires” кәсiп­қой клубы Азия аймағында көш бастап тұр. Өткен жылдың қараша айының соңында Алматыда “арландарды” талқандап кеткен әзiрбайжандық боксшылар бұл жолы өз мықтылықтарын тағы бiр мәрте дәлелдедi. Бес салмақ дәрежесi бойынша өткен жекпе-жектiң үшеуiнде шаршы алаң иелерi басым болса, екеуiн­де отандастарымыз жеңiс то­йын тойлады. “Астана арландары” клубының сапынан 61 келi салмақта жұдырықтасқан Ержан Мұзафиров (суретте) пен 73 келiдегi боксшымыз Бақыт Сәрсекбаев жеңiске жеттi. 54 келi салмақта өнер көрсеткен Бағдат Әлiм­беков Магомед Абдулхамитовтен айласын асыра алмай, ұпай санымен ұтылса, 85 келiдегi “қара арлан” Максвелл Ампонсах Рамазан Магамедовке еш қарсылық көрсете алмады. 91 келiден жоғары салмақта “Baku Fires” клубының алыбы Могамедрасул Мед­жидовтiң мерейi үстем болды. Әзiрбай­жан бокс­шысы шешушi сында жерлесi­мiз Руслан Мырсатаевты ұтты.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар