1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №1 (15563) 11 қаңтар, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
11 қаңтар 2011
Шаршы алаңда – Шүменов

Қазақстандық кәсiпқой боксшы, WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Бейбiт Шүменов өткен аптада Шымкентте өз атағын сәттi қорғады. Осы уақытқа дейiн кәсiпқой рингте 10 кездесу өтiзген отандасымыз бұл жолы американдық Уильям Джоппидi жеңдi.

У.Джоппидiң Қазақстанға келетiн жөнi жоқ едi, егер немiс боксшысы Юрген Бремер Шүменовпен шаршы алаңға шығудан бас тартпағанда. Орташа ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы деген атағы бар немiс боксшысы Қазақстанға келiп тұрып, қайтуға мәжбүр болды. 32 жас­тағы былғары қолғап шеберi­нiң Бейбiтпен не себептi жұдырықтаспағаны әзiрге жұмбақ күйде қалып отыр. Юрген Бремердiң менеджерлерiнiң айтуынша, немiс боксшысы жекпе-жекке санаулы күн қалғанда сырқаттанып қалды-мыс.
Алайда Бейбiт Шүменовтiң ағасы Шыңғыс Шүменовтiң ойын­ша Юрген Бремердiң сырқаттанған түгi де жоқ...
– Юрген Бремер Бей­бiттен қорықты. Әйтпесе, келiп тұрып жекпе-жектен қалайша бас тартады?! Оның қорыққаны келгенде-ақ көзiнен көрiнген. Ертесiнде ол жаттығудан да бас тартты. Бiзге немiс боксшысының жиналып, қайтқалы тұрғанын қо­нақүйдiң басшылары хабарлады. Алып ұшып қонақүйге жеттiк. Юрген Бремен мен промоутерлерi және басқа да жақтастары бөлмелерiнен шығып, жиналып қайтқалы жатыр екен. Не себептi кетiп бара жатқанын сұрадық. Юрген Бременнiң өзi “диарея” ауруымен ауырып қалдым дейдi. Бiрақ бiздiң келiс­кенiмiз бойынша ауырып қалған боксшы кәсiпқой бокс қауымдастығының дәрiгерлерiне қаралуы тиiс. Ал Бремер олай iстемедi. Ұшаққа отырды да тайып тұрды, – дедi Ш.Шүменов.
Қош, сонымен Бейбiт Шүменов пен Юрген Бремердiң арасындағы жекпе-жек белгiленген уақытына санаулы күн қалғанда өтпейтiн болды. WBO версиясы бойынша әлем чемпионы атағын жеңiп алуды көздеген Бейбiт Шүменов бұл жекпе-жекке үш ай бойы дайындалған. Төккен тер босқа кетпесiн дедi ме, Бейбiт 8 қаңтар күнi өтетiн бокс кешiн кейiнге шегерудi қош көрмей, қарсылас iздеуге тура келдi. Абырой болғанда, американдық Уильям Джоппи Бей­бiтпен жұдырықтасуға келiсiмiн бердi.   
Уильям Джоппи деген кiм? Кәсiпқой бокс шежiресiн ақтарсақ, американдық боксшының осал боксшы болмағанын бiрден аңғарамыз. Шаршы алаңда 45 кездесу өткiзiп, оның 39-ында жеңiске жеткен       У.Джоппи бес кездесуде жеңiлiс­тiң ащы дәмiн татыпты. Бiр рет қарсыласымен тең түскен. 30 кездесуде қарсыласын нокаутқа жiберген американдық боксшы осыдан екi жыл бұрын былғары қолғабын шегеге iлген едi. Алайда, былтыр шаршы алаңға қайта оралды. Кәсiпқой рингтегi тұсаукесер жекпе-жегiн 1993 жылы өткiз­ген Джоппи үш дүркiн әлем чемпионы атанған боксшы.
Ендi 8 қаңтар күнi Шым­кент­те өткен жекпе-жекке келейiк. Жасы қырықтың қырқасына шықса да Уильямс Джоппи 27 жасар Бейбiт Шүменовке кә­дiмгiдей қарсылық көрсеттi. Соққылары да мiрдiң оғындай Уильямс отандасымызға алты раунд бойы қарсылық көр­сеткенiмен, Бейбiттiң жойқын соққысына шыдай алмай, алтыншы раундтың орта шенiнде жекпе-жектi жалғастыра алмады. Бесiншi раундта Уильямс Джоппи нокдаун алды. Ал алтыншы раундта төрешiлер американдық боксшыға техникалық нокаут жазды.
Бейбiт Шүменов кәсiпқой боксқа келгелi берi, бiр ғана жеңiлiске ұшырады демесеңiз, он кездесуде қарсыластарын айқын басымдықпен жеңдi. Бұған дейiн Кампильо, Узелков сынды мықтыларды жер жастандырған қандасымыз болашақта өз салмағындағы алтын белдiктiң барлығын жеңiп алуды көздеп отыр. Жекпе-жектен кейiн Бейбiт Шүменов былай дедi: – Бүгiнгi жекпе-жек мен үшiн оңайға түскен жоқ. Болашақта әлемнiң ең мықты боксшыларымен жұдырықтасу ойымда бар. Әсiресе, өз салмағымдағы қалған үш версияның алтын белдiгiн ұтып алуды көздеймiн. Ол үшiн маған бiр емес, үш бiрдей чемпионмен жұдырықтасуға тура келедi. Өз салмағымдағы барлық алтын белдiктi жеңiп алып, қазақ халқының мықтылығын бүкiл әлемге мойындатамын...
 
Төлеубек ӘДIЛБЕКҰЛЫ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар