1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (15559) 21 желтоқсан, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
21 желтоқсан 2010
Қазақстан кубогы Астанада

Желтоқсанның 16-сы күнi Астанада әуесқой бокстан Қазақстан кубогының финалдық жекпе-жегi өттi. Iрiктеу сындарынан iркiлмей өткен Оңтүстiк Қазақстан облысы мен Астана қаласының боксшылары Қазақстанның Тәуелсiздiк мерекесi қарсаңында ел кубогының иесiн анықтады. Он салмақ дәрежесi бойынша өткен жекпе-жекте нәтиже тең болды. Бес салмақта оңтүстiкқазақстан­дықтардың бағы басым болса, бес жекпе-жекте Астана боксшылары жеңiске жеттi. Қазақстан кубогының ережесi бойынша командалар тең нәтиже көрсеткен жағдайда аса ауыр салмақтағы боксшылардың нәтижесi есепке алынады. Осы жағынан келгенде Астана боксшыларының мерейi үстем болды. Бiр айта кетерлiгi, аса ауыр салмақта жұдырықтасқан оңтүстiкқазақстандық Досжан Оспанов пен астаналық Василий Левит арасындағы жекпе-жектiң негiзгi уақыты 1:1 есебiмен тең аяқталды. Жекпе-жектiң жеңiмпазын анықтау кезiнде төрешiлер Василий Левиттiң қарсыласына қарағанда белсендiлiк танытқанын айтып, Қазақстан кубогын Астана боксшыларының қанжығасына байлап бердi. .

 
Финалдық жекпе-жектiң нәтижелерi төмендегiдей:
Астана – Оңтүстiк Қазақстан облысы;
49 келi: Iлияс Сүлейменов – Олжас Байниязов – 8:3;
52 келi: Данияр Тоқбаев – Нұрғазы Жүсiпов – 3:4;
56 келi: Қанат Әбутәлiпов – Мұхит Амантаев – 1:6;
60 келi: Думан Әлiмов – Ғани Жайлауов – 1:5;
64 келi: Мерей Ақшалов – Алмасбек Әлiмбеков – 6:0 (2-раундта жекпе-жек тоқтатылды);
69 келi: Бақытжан Қожабеков – Рустам Сыбаев – 3:8;
75 келi: Нұрсұлтан Мұстафин – Хусан Байматов – 5:7;
81 келi: Азамат Белгiбаев – Асқар Абдуллаев – 8:6;
91 келi: Данияр Үстембаев – Нұржан Бекзатов – 6:1 (2-раундта жекпе-жек тоқтатылды);
91 келiден жоғары: Василий Левит – Досжан Оспанов – 1:1 (төрешiлердiң шешiмiмен жеңiс В.Левитке берiлдi);
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар