1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (15559) 21 желтоқсан, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
21 желтоқсан 2010
Кiмнен қашсаң, соған жолығасың

Өткен аптада футболдан Еуропаның Чемпиондар лигасының    1/8 финалының жеребесi тартылды. Топтық ойындардан озып шыққан он алты команда келесi жылдың ақпан айында ширек финалдық жолдамаларды сарапқа салады. Сондай-ақ, Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе тарту рәсiмiнде Еуропа лигасының 1/16 финалына шыққан командалардың да қарсыластары белгiлi болды.

Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсiмiнде Италияның “Интерi” мен Германияның “Бавариясы” жұп құрады. Осыдан жетi ай бұрын Чемпиондар лигасының бас жүлдесiн сарапқа салған қос команда ендi мiне, плей-офф ойындарының 1/8 финалында жолығатын болды.
Н тобында екiншi орынмен шыққан Англияның “Арсеналы” ширек финалдық жолдаманы Каталонияның “Барселонасымен” сарапқа салады. Былтырғы маусымда бұл екi команда плей-офф ойындарының 1/4 финалында кездесiп, “Барселона” футболшылары екi ойынның қорытындысы бойынша (2:2, 4:1) жартылай финалға шыққан.
 
Чемпиондар лигасының 1/8 финалында мына командалар кездеседi:
“Рома” (Италия) – “Шахтер” (Украина);
“Милан” (Италия) – “Тоттенхэм” (Англия);
“Валенсия” (Испания) – “Шальке-04” (Германия);
“Интер” (Италия) – “Бавария” (Германия);
“Лион” (Франция) – “Реал” (Испания);
“Арсенал” (Англия) – “Барселона” (Испания);
“Марсель” (Франция) – “Манчестер Юнайтед” (Англия);
“Копенгаген” (Дания) – “Челси” (Англия).
 
Еуропа лигасының 1/16 финалына топтық ойындардан озып шыққан 24 командамен қатар Чемпиондар лигасының топтық кездесулерiнде үшiншi орын алған сегiз команда жолдама алды. Бiр айта кетерлiгi, 1/16 финалына Еуропа лигасының қазiргi жеңiмпазы Испанияның “Атлетикосы” жолдама ала алмады. Сондай-ақ, Италияның “Ювентусы” мен Германияның “Боруссиясы”да топтық ойыннан аса алмады. Жеребе тарту рәсiмiнiң қорытындысы төмендегiдей:
1/16 финал
“Арис” (Грекия) – “Манчестер Сити” (Англия);
“ПАОК” (Грекия) – “ЦСКА” (Ресей);
“Севилья” (Испания) – “Порту” (Португалия);
“Рубин” (Ресей) – “Твенте” (Голландия);
“Лилль” (Франция) – “ПСВ” (Голландия);
“Базель” (Швейцария) – “Спартак” (Ресей);
“Бенфика” (Португалия) – “Штутгарт” (Германия);
“БАТЭ” (Беларусь) – “ПСЖ” (Франция);
“Металлист” (Украина) – “Байер” (Германия);
“Янг Бойз” (Швейцария) – “Зенит” (Ресей);
“Наполи” (Италия) – “Вильярреал” (Испания);
“Рейнджерс” (Шотландия) – “Спортинг” (Португалия);
“Спарта” (Чехия) – “Ливерпуль” (Англия);
“Андерлехт” (Бельгия) – “Аякс” (Голландия);
“Лех” (Польша) – “Брага” (Португалия);
“Бешикташ” (Түркия) – “Динамо” (Украина).
 
“Твенте”, “Аякс” (екеуi де Голландия), “Бенфика”, “Брага” (екеуi де Португалия), “Рейнджерс” (Шотландия), “Рубин”, “Спартак” (екеуi де Ресей), “Базель” (Швейцария) клубтары Чемпиондар лигасында өз топтарында үшiншi орын алды.
  
Чемпиондар лигасының ойындары 15 ақпан күнi өтедi. Еуропа лигасының 1/16 финалына шыққан командалар алғашқы кездесулерiн 17 ақпан күнi өткiзедi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар