1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (15559) 21 желтоқсан, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
21 желтоқсан 2010
Мақсатымыз – бас жүлденi үшiншi мәрте жеңiп алу

Алматының Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында гандболдан әйелдер арасындағы Азия бiрiншiлiгiнiң тұсауы кесiлдi. Осымен он үшiншi рет өткiзiлiп отырған құрлық бiрiншiлiгi 25 желтоқсанда мәресiне жетедi.

Азия бiрiншiлiгiнiң басталуына бiр күн қалғанда Қазақстанның гандбол қауымдастығы мен ҚР Туризм және Спорт министрлiгiнiң ұйымдастыруымен журналистерге арналған баспасөз мәслихаты өттi. БАҚ өкiлдерiнiң басын қосқан жиынға Қазақстанның гандбол қауым­дастығының төрайымы Гүлнар Тұрлыханова, елiмiздiң Спорт комитетiнiң төрағасы Елсияр Қанағатов және Азия гандбол қауымдастығының өклдерi қатысты. Журналистер алдында бiрiншi болып сөз алған Гүлнар Смағұл­қызы елiмiздегi әйелдер гандболының қанат жайып өркендеп келе жатқанын тiлге тиек еттi. Қазақстанның гандболдан әйелдер құрамасы соңғы жылдары iрi-iрi халықаралық турнирлердi жiбермей қатысып келедi. Мәселен, 2008 жылы Бейжiң олимпидасында өнер көрсеткен отандастарымыз одан кейiн Францияда өткен әлем бiрiншiлiгiнде бақ сынады. 
Әлем бiрiншiлiгi демекшi, Алматыда өтiп жатқан Азия чемпионатында алғашқы төрт орынды иеленген командалар келесi жылы Бразилияда өтетiн әлемдiк жарысқа жолдама алады. Бұл туралы елiмiздiң гандбол қауымдастығының президентi Г.Тұрлыханова былай дедi: – “Қазақстан құрама командасының әйелдерi осыған дейiн екi бiрдей әлемдiк жарыста бақтарын сынады. Бұл – бiздiң отандастарымыз әлемдегi ең мықты 24 ұжымның қатарына қосылды деген сөз. Алматыда өткелi отырған Азия бiрiншiлiгiнде ең алдымен әлем бiрiншiлiгiнiң жолдамасын жеңiп алуды көздеймiз. Жалпы, Азия мемле­кетiнде гандболды жақсы меңгерген Оңтүстiк Корея мен Жапония және Қытай елдерi екенi даусыз. Десек те, елiмiздiң әйелдер құрамасы осыған дейiн екi рет Азия чемпионы атанды. Ендiгi мақсатымыз Азия бiрiн­шiлiгiнiң бас жүлдесiн үшiншi мәрте жеңiп алу...”.
Келесi жылы Бразилияда жалауы көтерiлетiн жарысқа 24 команда қатысады. Қазiрдiң өзiнде бұл додаға қатысатын бiрнеше командалардың есiмi белгiлi болды. Мәселен, 2009 жылғы әлем чемпионы Ресей құрамасы мен жарысты өткiзетiн ел – Бразилия iрiктеу ойындарына қатыспай-ақ, бiрден әлемдiк додаға қосылады. Дүние­жүзiлiк гандбол қауымдастығының басшылары Африка құрлығына үш жолдама бөлiп берген-дi. Қазiрдiң өзiнде бұл үш жолдаманың иесi анық. Олар: Ангола, Тунис және Кот Д Ивуар құрамалары. Бұл командалар осы жылдың ақпан айында өткен Африка кубогында жүлделi орынға ие болған командалар.
Өткен жексенбi күнi гандболдан әйелдер арасындағы Еуропа бiрiншiлiгi де мәресiне жеттi. Бұл додада Норвегия гандболшыларының бағы жанды. Норвегиялықтар финалда Швеция ойыншыларын ұтты. Бұл екi команда да Бразилия­да өтетiн әлем бiрiншiлiгiне жолдама алды. Сондай-ақ, Еуропа бiрiн­шiлiгiнiң қола жүлдегерi атанған Румыния да келесi жылы Бразилия­да бақ сынайды. Еуропаның атынан шығатын тағы сегiз команда алдағы iрiктеу ойындарында белгiлi болады. Сондай-ақ, әлем бiрiншi­лiгiне Мұхит аймағы мен Америка құрлығынан iрiктелiп шыққан командалар да дүние­жүзiлiк жарысқа қатысатын болады.
Ендi Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтiп жатқан жарысқа келейiк. Он үшiншi рет өткiзiлiп жатқан құрлықтық сайыс­қа биыл сегiз команда қатысуда. Жарыстың ашылу салтанатынан кейiн алаңға Қазақстан мен Қытай гандболшылары шығу керек едi. Алайда, ауа-райының қолайсыздығына байланысты Қытай спортшылары жарысқа сәл кешiгiп келдi. Осылайша, жарыс шымылдығын Өзбекстан құрама командасы мен Тайланд құрамасының қыздары ашты. Бұл ойында тайландтықтар әу баста ширақ көрiнгенiмен уақыт өте келе өзбек ойыншыларының басымдығы байқалды. Тартысты өткен кездесуде “ала тақиялы” көршiлерiмiздiң бағы жанды: 31:25.
Жақында Азия ойындарында бас жүлденi жеңiп алған Қытай құрамасының қыздары сол кезде Қазақстан құрамасын жартылай финалда жеңiп едi ғой. Мiне сол есенi қайтаруға бел байлаған елiмiздiң гандболшылары аспанасты елiнiң спортшыларымен болған кездесуде жан аямады. Есептi қонақтар ашқанына қарамастан ойынның алғашқы кезеңi алма-кезек шабуылмен өттi. Екiншi кезеңде бiздiң бойжеткендердi тоқтату тiптi мүмкiн болмады. Ойын тiзгiнiн өз қолдарына алған Қазақстан құрамасы кездесудi 25:22 есебiмен аяқтап, алғашқы жеңiстерiне қол жеткiздi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар