1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №97 (15555) 7 желтоқсан, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
7 желтоқсан 2010
Алтыншы жеңiлiс

Астананың “Барыс” хоккей клубы құрлықтық хоккей лигасының кестесiне сәйкес өткен аптада “СКА” хоккейшiлерiмен айдынға шығып, 2:4 есебiмен ұтылып қалды. Санкт-Петерборлық клубтың алдында дәрмен­сiздiк танытқан астаналық хоккейшiлердiң – бұл қатарынан алтыншы жеңiлiсi. “Барыс” бұған дейiн “Атлант”, “Торпедо”, “Авангард”, “Северсталь” және “Спартак” клубтарына есе жiберген болатын. “Барыс” құрлықтық хоккей лигасының жалпы кестесiнде он төртiншi орында тұр. “Шығыс” конференциясы бойынша “Барыс” – жетiншi, Чернышев дивизионы бойынша төртiншi орында.

Кеше астаналық хок­кейшiлер өз мұз айдынында Мәскеудiң “Динамосын” қабылдады. Ертең Чеховтың “Витязь” клубымен бақ сынасса, 12 желтоқсан күнi Омбыда “Авангардпен” ойнайды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар