1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №97 (15555) 7 желтоқсан, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
7 желтоқсан 2010
«Айсұлу» – финалда!

Алматының “Айсұлу” клубы Еуропаның Чемпиондар кубогының финалдық кезеңiне жолдама алды. Финляндияның Лохья қаласында өткен екiншi iрiктеу кезеңiнде “Айсұлу” хоккей­шi­лерi үш ойында да жеңiске жеттi. Алдымен Норвегияның “Валеренга” клубымен ай­қас­қан “Айсұлу” командасы қарсыластарын 1:0 есебiмен ұтты. Бұл ойында жалғыз шайбаны Любовь Ибрагимова соқты.

Жарыстың келесi күнi Финляндияның “Ильвес” клубымен күш сынасқан алматылық бойжеткендер айдын иелерiн 3:1 есебiмен ұтты. Жарыстың шешушi ойы­нында “Айсұлу” Германиядан келген “ОСЦ” клубынан айласын асырды: 3:0. Осылайша, үш ойыннан 9 ұпай жинаған “Айсұлу” хок­кей­шiлерi келесi жылы өтетiн финалдық кезеңге өттi. “Айсұлу” хоккейшiлерiнен бөлек, финалдық кезеңге Финляндияның “Ильвес” клубы да шықты. Е тобында өнер көр­сеткен командалардың арасынан Швейцарияның “Лугано” клубымен Ресейдiң “СКИФ” командалары да финалда ойнау құқына ие болды. Ендi бұл “төрттiк” келесi жылдың ақпан айында Еуропаның чемпиондар кубогын сарапқа салады.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар