1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №97 (15555) 7 желтоқсан, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
7 желтоқсан 2010
«Миланның» екiншi тынысы ашылғандай

Бүгiн және ертең футболдан Еуропа Чемпиондар лигасының топтық ойындарының соңғы туры өтедi. Қоңыр күзден берi топтық турнирдiң кездесулерiн өткiзiп келген командалардың арасынан он екi команда келесi айналымның жолдамасына күнi бұрын қол жеткiзiп қойды.

Чемпиондар лигасының топтық турнирiне тұңғыш рет жолдама алған Англияның “Тоттенхэм” клубы биыл өз тарихында бiрiншi рет Чемпиондар лигасының плей-офф ойындарына жолдама алды. Италияның “Интерi” мен Голландияның “Твенте” және Германияның “Вердер” клубтарымен бiрге А тобында доп тепкен ағылшындар бес ойында небәрi бiр рет қана жеңiлдi. 5-турда немiстiң “Вердерiн” 3:0 есебiмен ұтқан “Тоттенхэм” клубы итальяндықтарды артқа тастап, топ тiзгiнiн қолына алды. Бүгiн ағылшындар сырт алаңда “Твентемен” кездессе, “Вердер” “Интердi” қабылдайды.
Чемпиондар лигасының өткiзiлу ережесi бойынша, өз топтарында үшiншi орын алған командалар Еуропа лигасының 1/16 финалына жолдама алатыны белгiлi. Әзiрге Чемпиондар лигасы арқылы Еуропа лигасына жол тартқандардың қатарында үш команда бар. Олар: Голландияның “Твентесi”, Шотландияның “Рейнджерсi” және Ресейдiң “Спартак” клубтары. С тобында өнер көрсететiн “Рейнджерс” 5-турда Англияның “Манчестер Юнайтед” клубынан 0:1 есебiмен ұтылып, Чемпиондар лигасының плей-офф ойындарынан үмiтiн үздi. Плей-офф ойындарына қатысуға Ресейдiң “Спартак” клубының да мүмкiндiгi бар едi. Алайда, “Спартак” өзiнiң басты қарсыласы санал­ған Францияның “Марселiнен” өз алаңында 0:3 есебiмен ұтылды да, француздарды плей-офф ойындарына шығарып салды. Ендi мәскеулiктер Еуропа лигасында бақ сынайды.
Д тобында өнер көрсететiн командалардың арасынан Қазанның “Рубин” клубы Чемпиондар лигасының плей-офф ойындарында өнер көрсетпесе де, Еуропа лигасында атой салатыны анық. Бүгiн “Рубин” футболшылары Ката­лония­да “Барселонамен” бақ сынайды. Қазандық клуб “Барселонаны” жеңгеннiң өзiнде де плей-офф ойындарының жолдамасын өздерi шеше алмайды. Өйткенi, “Рубиннен” бiр ұпай артық жинаған Данияның “Копенгаген” клубы өз алаңында Грекияның “Панатинайкос” клубымен ойнайды. Егер дат футболшылары гректерден айласын асыратын болса, “Рубиннiң” жеңiсi командаға ешқандай пайда әкел­мейдi. Ол үшiн “Копенгаген” футболшылары “Панатинайкоспен” тең түсуi керек. Немесе жеңiлуге тиiс. Осындай жағдайда ғана “Рубин” плей-офф ойындарына жолдама алады. Бiрақ, биылғы “Рубиннен” “Барселонаны” жеңе­тiн­дей күш байқалмайды. Қазандық клубтың ойыны былтырғыдай емес, сылбыр. Бес ойында небәрi екi-ақ доп соққан Құрбан Бердыев­тiң шәкiрттерi екi допты да пенальтиден соқты. Десек те, доп домалақ...
“Миланның” шабуыл шебiне швед Златан Ибрагимович келгелi берi итальяндықтардың екiншi тынысы ашылғандай. “Реал” мен “Аякс” және “Осер” футбошыларымен G тобына түскен “Милан” 5-турда плей-офф ойындарының жолдамасына ие болды. “Аякстың” өз алаңында “Реалдан” ұтылғанын тиiмдi пайдаланған “Милан” сырт алаңда Францияның “Осерiн” 2:0 есебiмен ұтты. G тобынан Еуропа лигасына қай команданың қатысатыны ертеңгi өтетiн ойындарда белгiлi болады.
Топтық турнирдi тамаша бастаған Англияның “Арсенал” клубы соңғы екi турда жағдайын тым нашарлатып алды. Украинаның “Шахтерi” мен Португалияның “Брагасынан” ұтылған ағылшындар украиндарды топ басына шығарып, өздерi екiншi орында қалып қойды. Ертең “Арсенал” футболшылары Сербияның “Партизанын” қабылдайды. “Шахтер” “Брагамен” кездеседi.
 
5-турдан кейiнгi турнир кестесiндегi жағдай төмендегiдей:  
 
А тобы: 1. “Тоттенхем” – 5 ойыннан – 10 ұпай; 2. “Интер” (5) – 10; 3. “Твенте” (5) – 5; 4. “Вердер” (5) – 2.
В тобы: 1. “Шальке-04” (5) – 10; 2. “Лион” (5) – 9; 3. “Бенфика” (5) – 6; 4. “Хапоэль” (5) – 4.
С тобы: 1. “Манчестер Юнайтед” (5) – 13; 2. “Валенсия” (5) – 10; 3. Рейнджерс” (5) – 5; 4. “Бурсасспор” (5) – 0.
Д тобы: 1. “Барселона” (5) – 11; 2. “Копенгаген” (5) – 7; 3. “Рубин” (5) – 6; 4. “Панатинайкос” (5) – 2.
Е тобы: 1. “Бавария” (5) – 12; 2. “Рома” (5) – 9; 3. “Базель” (5) – 6; 4. “Клуж” (5) – 3.
F тобы: 1. “Челси” (5) – 15; 2. “Марсель” (5) – 9; 3. “Спартак” (5) – 6; 4. “Жилина” (5) – 0;
G тобы: 1. “Реал” (5) – 13; 2. “Милан” (5) – 8; 3. “Аякс” (5) – 4; 4. “Осер” (5) – 3.
Н тобы: 1. “Шахтер” (5) – 12; 2. “Арсенал” (5) – 9; 3. “Брага” (5) – 9; 4. “Партизан” (5) – 0.
 
7 желтоқсан
“Твенте” (Голландия) – “Тоттенхеэм” (Англия);
“Вердер” (Интер) – “Интер” (Италия);
 “Лион” (Франция) – “Хапоэль” (Израиль);
“Бенфика” (Португалия) – “Шальке-04” (Германия);
 “Манчестер Юнайтед” (Англия) – “Валенсия” (Испания);
“Бурсасспор” (Түркия) – “Рейнджерс” (Шотландия);
 “Барселона” (Испания) – “Рубин” (Ресей);
“Копенгаген” (Дания) – “Панатинайкос” (Грекия).
 
8 желтоқсан
“Бавария” (Германия) – “Базель” (Швейцария);
“Клуж” (Румыния) – “Рома” (Италия);
 “Марсель” (Франция) – “Челси” (Англия);
“Жилина” (Словакия) – “Спартак” (Ресей);
“Реал” (Испания) – “Осер” (Франция);
“Милан” (Италия) – “Аякс” (Голландия);
“Арсенал” (Англия) – “Партизан” (Сербия);
“Шахтер” (Украина) – “Брага” (Португалия);
 
Төлеубек ӘДIЛБЕКҰЛЫ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар