1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №93 (15551) 23 қараша, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
23 қараша 2010
Алауқұты дайын

Астана мен Алматыда өтетiн VII Қысқы Азия ойындарының Алау эстафетасы үшiн 100 алауқұты Қытайда дайындалып, өткен аптада Алматыға жеткiзiлдi. Әр алауқұтының бағасы 1000 АҚШ долларына бағаланып отыр. Әрбiр факельдiң төменгi жағында реттiк нөмiрi бар. Қазiргi уақытта Алматы маңында сынақтан өтiп жатқан алауқұтылардың бiрнешеуi жарамсыз болып шығуы да мүмкiн. Алау эстафетасының жүрiп өтетiн жолына келсек, алау факелi 11 қаңтар күнi Азия Олимпиадалық кеңесiнiң штаб-пәтерi орналасқан әл-Кувейтте тұтандырылып, 12 қаңтарда Алматыға жеткiзiледi. Одан кейiн алау Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Талдықорған және Қарағандыда жалғасып, Азиаданың салтанатты ашылу күнi 30 қаңтарда Астанаға жеткiзiледi.

Руслан МЕДЕЛБЕК.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар