1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №91 (15549) 16 қараша, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
16 қараша 2010
Бас жүлде ресейлiк бойжеткендерде

Өткен жексенбiде Жапонияда волейболдан әйелдер арасындағы әлем бiрiншiлiгi аяқталды. Он бес күнге созылған жарыстың бас жүлдесiн Ресей құрамасының волейболшылары жеңiп алды.

Ресей қыздарына жапон жерi жағады екен. Осыдан төрт жыл бұрын Жапонияда өткен әлемдiк жарыста орыс бойжеткендерiне тең келер қарсылас болмап едi. Бұл жолы да Ресей құрамасының волейболшылары қарсылас шыдатпады. Финалда олар 2008 жылғы Олимпиада ойындарының жеңiмпазы Бразилия волейболшыларын жеңдi. Қола жүлде алаң иелерi Жапония волейболшыларына бұйырды. Күншығыс елiнiң волейболшылары үшiншi орын үшiн болған кездесуде АҚШ құрамасынан басым түстi.
Бұл сында Қазақстан құрамасының волейболшылары да қатысқан едi. Алайда, Нелли Щербакова баптайтын елiмiз­дiң волейболшылары топтағы ойынның барлығында жеңiлiс тауып, 21-24-орындарға ие болды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар