1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №89 (15547) 9 қараша, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
9 қараша 2010
Қоржынымызда қос алтын

Ташкентте өткен аптада самбодан әлем бiрiншiлiгi аяқталды. Бұл сында самбошы қыздарымыз бен жiгiттерiмiз 2 алтын, 1 күмiс, 5 қола медальмен оралды.

Самбодан әлемнiң екi дүркiн чемпионы Ерболат Байбатыров өзбек жерiнде өзiнiң үшiншi алтын медалiн жеңiп алды. Бұған дейiн 52 келi салмақта сынға түсiп келген оралдық самбошы бұл жолы 57 келiде күрестi. Тұсаукесер белдесуiнде ресейлiк Сергей Ялышевты жыққан бiздiң палуан ширек финалда грузин Автандил Тсидзадзенi тұсады. Жартылай финалда боз кiлем иесi Шарафаддин Лутфул­лаев­ты айқын басымдықпен жеңген Ерболат финалда әзiрбайжан палуаны Ислам Газимовтен айласын асырды.
62 келi салмақта күрескен Азамат Мұқанов та өзбек жерiнен алтын алқа тағып қайтты. Алғашқы белдесу­лерiнде Ресей мен Әзiрбай­жан елiнiң палуандарын ұтқан Азамат финалда грузин палуанын ұтты.
68 келiдегi ел намысын қорғаған Арсен Хатип пен 82 келiде бақ сынаған Саят Шәмшиевтер әлем бiрiн­шiлiгiн қола медальмен қорытындылады. Арсен жартылай финалда грузин палуанынан жеңi­лiп қалды. Ал Саят ресейлiк палуаннан бағын асыра алмады.
Әйелдер арасындағы белдесуде елiмiздiң бойжеткен-палуандарына 1 күмiс, 3 қола медаль бұйыр­ды. 72 келi салмақтағы Әлия Жылқыбаева финалға дейiн қарсылас шыдатпай келiп едi, алайда алтын медаль үшiн болған белдесуде Әлияның ресейлiк палуанға шамасы келмей, күмiстi қанағат тұтты. Әлем бiрiн­шiлiгiнiң қола жүлдесiне Линара Мингазова (52 келi) мен Әлмира Исатаева (64 келi) және Анар Сiтiмова (80) ие болды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар