1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №86 (15544) 28 қазан, бейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
28 қазан 2010
«Алтылықтың» арасында қып-қызыл тартыс

Өткен аптада 29-тур ойындарын қорытындылаған елiмiздiң командалары кеше кешкiсiн 30-тур ойындарын өткiздi. Осыдан бiрнеше күн бұрын өткен 29-тур ойындарында жанкүйерлер күтпеген нәтиже тiркелдi. Қостанайға қонаққа барған “Ақтөбе” футболшылары өздерiнiң басты қарсыласы саналатын “Тобыл” футболшыларын тас-талқан етiп ұтты. Абырой болғанда, “Тобыл” сапынан Нұрбол Жұмасқалиев пен Ұлықбек Бақаев бiр-бiрден доп соқты: 2:5.

“Тобылдың” бас бапкерi Равиль Сабитовтың ұйқысы қаша бастады. Бiр кездерi өзiнiң басты қарсыласы саналатын “Ақтөбеден” бiраз ұпай­ға алға озып кеткен “Тобыл” соңғы ойындарда жеңiлiстi көбейтiп жiбердi. Мұның алдында қостанайлық футболшылар Павлодарда “Ертiстен” жеңiлiп қайтқан. Жалпы “Тобыл” футболшылары соңғы рет жеңiске 24-турда жеттi. Сол кезде Сабитовтың командасы “Ертiс” футболшыларын 4:0 есебiмен ұтып, керекулiктер­ден он ұпайға, ал ақтөбе­лiктерден он екi ұпайға ұзап кеткенде, жанкүйерлер “Тобылдың” екпiнiн ендi тоқтату қиын деп топшылаған едi. Алайда сол 4:0 есебiмен жеңгеннен кейiн “Тобыл” әлi күнге дейiн жеңiстiң дәмiн татқан емес. Бiресе тең ойын, бiресе жеңiлiс “Тобылдың” әдетiне айналып кеттi.
Кеше кешкiсiн “Ертiс” пен “Ақтөбе”, “Шахтер” мен “Тобыл” және “Локомотив” пен “Атырау” футболшылары ойнады.
 
29-турдың нәтижелерi төмендегiдей:
“Тобыл” (Қостанай) – “Ақ­төбе” (Ақтөбе) – 2:5 (Жұмас­қалиев, 59-минутта, Бақаев, 88-минутта – Хайруллин, 21, 55-минуттарда, Перич, 22, 69-минуттарда, Дарабаев, 43-минутта);
“Локомотив” (Астана) – “Шахтер” (Қарағанды) – 1:1 (Бугаев, 2-минутта – Джидич, 24-минутта);
“Атырау” (Атырау) – “Ертiс” (Павлодар) – 1:2 (Сақалбаев, 3-минутта – Даскалов, 5, 16-минуттарда);
“Жетiсу” (Талдықорған) – “Қайрат” (Алматы) – 2:0 (Щеткин, 19-минутта, Белич, 82-минутта);
“Ақжайық” (Орал) – “Тараз” (Тараз) – 1:2 (Хабиб 78-минутта – Землянухин, 18-минутта, Кенбаев, 90-минутта);
“Оқжетпес” (Көкшетау) – “Ордабасы” (Шымкент) – 3:1 (Драгутинович 37-минутта, Дяк, 84-минутта, пенальтиден, Пилипович, 90+2-минутта – Трайкович, 70-минутта, пенальтиден).
 
Мергендер:
1. Ұлықбек Бақаев (“Тобыл”) – 15 доп;
2-3. Нұрбол Жұмасқалиев (“Тобыл”), Георгий Даскалов (“Ертiс”) – 13 доптан;
4. Мұрат Тiлешов (“Ақтөбе”), Игорь Бугаев­ (“Локомотив”) – 10 доптан;
Бет қатталып жатқанда 30-турдың үш ойыны аяқталды. “Ордабасы” өз алаңында “Қайратпен” ұпай бөлiстi: 1:1. “Ақжайық” Оралда “Оқжетпестi” ұтты: 2:0. “Жетiсу” мен “Тараз” арасындағы кездесу 1:1 есебiмен тең аяқталды. 
 
31-турдың ойындары 1 қараша күнi өтедi. Қазақстан премьер-лигасы 6 қараша күнi мәресiне жетедi. Қазақстан кубогының финалдық кездесуi 14 қарашаға белгiленген. 10 қараша күнi Қазақстан кубогының жартылай финалына шыққан командалар қарымта кездесулерiн өткiзедi.
31-тур (1.11.2010)
“Ақтөбе” – “Атырау”;
“Тобыл” – “Локомотив”;
“Ертiс” – “Шахтер”;
“Жетiсу” – “Ақжайық”;
“Ордабасы” – “Тараз”;
“Қайрат” – “Оқжетпес”.
 
32-тур (6.11.2010)
“Шахтер” – “Ақтөбе”;
“Локомотив” – “Ертiс”;
“Атырау” – “Тобыл”;
“Тараз” – “Қайрат”;
“Ақжайық” – “Ордабасы”;
“Оқжетпес” – “Жетiсу”.
Беттi дайындаған – Төлеубек Әдiлбекұлы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар