1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №86 (15544) 28 қазан, бейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
28 қазан 2010
Төлебаев атындағы Турнир

Алматыда бокстан Қазақстан Республикасына еңбегi сiңген жаттықтырушы Серiкбай Төлебаев­ты еске түсiруге арнал­ған XII халықаралық турнир өттi. Жасөспiрiм боксшылар арасында өткен халықаралық жарысқа елiмiздiң боксшыларымен қатар Орта Азияның және Үндiстан елiнiң былғары қолғап шеберлерi қатысты. Бес күнге созылған турнирде жас боксшылар он төрт салмақ дәрежесi бойынша күш сынасты. Отандастарымыздың арасынан 44 келi салмақта ақмолалық Шыңғысхан Смағұл­овтың бағы жанса, 48 келiде алматылық Аман Әдiлжанов жеңiмпаз боп танылды. 52 келiде қарағандылық Айбек Рымғали үздiк шықты. Аян Қалибеков (57 келi) пен Абдулализ Нұрғалиев те (60 келi) С.Төлебаев турнирiнiң бас жүлдесiне ие болды. 63 келi салмақта семейлiк Данияр Болатжанов пен 66 келiдегi тараздық Ибрагим Махаури де өзгелерден қара үзiп шықты. Дархан Құрманәлиев (70 келi), Асқат Сұлтанбеков (75 келi), Айбек Шәрiпов (80 келi) және Асылбек Аманқұлұлының да (80 келiден жоғары) Алматыдағы турнирде “асығы алшысынан түстi”.

Қыздар арасындағы бәсекеде Шара Ахатова (44 келi), Әмина Әбдрембаева (48 келi), Аяулым Боранбаева (50 келi), Ақтолқын Кеңесбекова (52 келi), Зухра Елтаева (54 келi), Ақерке Дүйсенәлi (57 келi), Айсұлу Ермекбаева (60 келi), Феруза Шәрiпова (63 келi), Әсем Қуандық (66 келi) және Алина Аманқұл (75 келiден жоғары) сынды отандастарымыз жеңiстiң ең биiк тұғырына көтерiлдi. Алматы қаласы бокс қауымдастығының вице-президентi Михаил Юрченконың айтуынша, жылда өткiзiлiп келе жатқан халықаралық турнирге биыл бойжеткендер бiрiншi рет қосылып отыр. “Қыздар боксы олимпиада ойындарының бағдарламасына кiргеннен кейiн мұндай турнирлердiң маңызы өте зор”, – дейдi М.Юрченко.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар